Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Мақалалар / Уағыздар / Садақа пәле-жаланы қайтара ма?
Садақа пәле-жаланы қайтара ма?

Садақа пәле-жаланы қайтара ма?

«Садақаны сауыңда бер» деп халқымыз айтқандай, садақа берудің маңызы ерекше. Садақа беру – ежелден қазақтың дүние танымында қалыптасқан әдет. Бабаларымыз садақа беруге ерекше мән беріп келген. Ал садақа беру исламда сауапты амал ретінде көптеген аят- хадистерде айтылады.

Бұл туралы Алла Тағала Құрандағы «Лəйл» сүресінің 5-7 аяттарында:

«Ал кім (садақа) беріп, тақуалық жасаса. Əрі ең жақсыны (дінді) шын деп, растаса. Жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз»,- деген.

Сонымен қатар, «Сәба» сүресінің 39-аятында:

«Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының (ризығын) шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның (жұмсағандарыңның) орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы»,- делінген.

Демек, садақа берген сайын сол адамның рыздығы артып, несібесі молая түсетіндігін аңғаруға болады. Садақа берген адамның жолы ашылып, бір сөзбен айтқанда, оған Ұлы Жаратушының мейірімі түседі деп ескертілген.

Сондай-ақ, Құранда «Бақара» сүресінің 268- аятында:

«Шайтан сендерді (Алла жолындағы қайырымдылықтарыңа) кедей боп қаласың деп қорқытады және (садақа бермеулеріңді) әмір етеді»,- деп садақа беру кедейлікке ұшыратпайтынын ескерткен.

Садақаның маңызы туралы хадистерде: «Уаллаһи, садақа берумен мал азаймайды. Олай болса садақа беріңдер!» десе, «Садақа дүние-мүлікті кеңейтеді, олай болса, садақа беріңдер!», «Садақа беріп ризықтарыңды көбейтіңдер»,-деп айтылған. Бір ғұлама: «Менің тағдырыма жазылған ризықты менен басқа ешкім жей алмайтынын түсінгенде, жүрегім тыныштық тапты»,- деп өсиет етіпті.

Садақа берген адамның несібесі ешқашан азаймайды. Садақа беру арқылы адамның дәулеті тасып, ризығына береке енеді делінген.

Садақа беріп, мұқтаж жанның алғысын алған адамның жолы ашылып, берекеті арта беретіндігі барлық ислами тағылымдарға өзек болған.

Садақа беру қазақтың дәстүрлі мәдениетінде адамдар арсындағы бауырмалдық пен ізгіліктің бастауы ретінде айтылған. «Алланың құлдарының оянатын әрбір күні, көктен екі періште түсіп, олардың бірі: «Аллаһым! Сенің жолыңда қайырымдылық етіп, садақа берушіге, несібеңді арттыр!», — десе, екіншісі: «Я, Алла, сараңды опат қыл!» дейді. (Бұхари)

Садақа беруді жария етпеу туралы оң қолың бергенді сол қолың білмей қалу керек деген тағылымдар бар.

Сондықтан, садақа беру адамның басындағы пәле-жаланы кетіріп, адамға рыздық- несібе сыйлатын сауапты амал екендігін ескеруіміз керек.

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com