Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Фиқһ / Әбу Ханифа фиқһының ерекшелігі
Әбу Ханифа фиқһының ерекшелігі

Әбу Ханифа фиқһының ерекшелігі

Мәзһаб туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін фиқһ саласын және оның ерекшелігін тану өте маңызды. Фиқһ саласының ауқымдылығы мен күрделілігіне қоса, оның күнделікті өмірде жиі қолданылатындығы оның реттеліп жүйеленуіне деген қажеттілікті арттыра түседі. Бұл қажеттілікті өтеуде мәзһабтар үлкен рөл ойнайды. Ал бұл жағдайдан хабарсыз адамның мәзһабты теріске шығаруы әбден мүмкін. Сондықтан мәзһаб мәселесінде фиқһ жайлы тоқталу қажеттілігі туындап отыр.

Араб тіліндегі «фиқһ» сөзі сөздікте«бір нәрсені толық түсіну, толық игеру» деген мағыналарды білдіреді. Яғни бұл сөз ғылым, түсіну сөздерінен де терең мағынаны қамтиды. Сонымен бірге бір кісінің айтқан сөзінің мақсатын түсіне білуді де «фиқһ» деп атайды. Бір мәселені толық меңгерген, өте зерек, ой-өрісі кең кісіні «фақиһ» деп атайды. Фиқһ сөзі Құран Кәрімде жиырма жерде әр түрлі етістік түрінде кездесіп, бір нәрсені толық түсіну, парқына бару, бір нәрсенің ақиқатын білу және ақыл жүгірту деген мағыналарда қолданылған. Аяттарда былай айтылған:  «Ол қауымға не болды, айтылған сөзді түсінгілері келмейді», («Ниса» сүресі, 78-аят), «Ей Шұғайб! Біз сенің айтқандарыңның көпшілігін толық түсінбейміз»(«Худ» сүресі, 91-аят). Ал хадистерде фиқһ сөзі «нақты мағлұмат, түсінік» деген мағыналарда қолданылған.

Енді фиқһ сөзінің терминдік мағынасына тоқталайық. Исламның алғашқы кезеңінен бүгінгі күнге дейін фиқһ сөзінің ұғымы бірнеше рет өзгергендіктен фиқһқа көптеген анықтамалар берілген. Әзіреті Мұхаммед (с.а.у.) пен сахабалар дәуірінде фиқһ белгілі бір жүйеге келтірілген ғылым емес еді. Ол кезде фиқһ сөзінің мағынасы қазіргі кездегідей кең ауқымды қамтылмайтын. Тек қана «ғылым» мағынасында  қолданылатын. Имам Әбу Ханифа фиқһқа мынадай анықтама берген:«Кісінің өзіне пайдалы және зарарлы болған нәрселерді білуі».

Фиқһ саласы қамтитын шариғаттың амали үкімдеріне негіз болған дәлелдер төрт нәрседен бастау алады. Олар мыналар:

  1. Құран 2. Сүннет 3. Ижма  4. Қиас

Фиқһ ғылымының сүйенетiн негiзгi дәлелдерi

 

Ислам дінінде дүниеге және ақыретке байланысты барлық үкімдердің шығатын қайнар көзі төртеу: кітап (Құран Кәрім), сүннет, ижма, қияс. Бұларға  төрт дәлел мағынасында “әдиллә-и әрбәа” немесе шариғи дәлелдер мағынасында “әдиллә-и шарғия” да делінеді. Осы төрт дәлел негізгі дәлел деп те аталады. Бұлардан басқа “фарғи дәлел” деп аталатын кейбір дәлелдер де бар. Бұлар мәсәлихи мурсәлә, истихсан, әдет-ғұрып, шәру мән қабләна (Әзіреті Пайғамбарымыздан алдынғы діндердің үкімдері), сахаба сөзі және истисхаб. Төменде бұл дәлелдердің барлығына  қысқаша тоқталамыз.

 А) Негізгі дәлелдер

  1. Кітап (Құран Кәрім)

Кітап барлық шариғи дәлелдердің негізі. Кітап — Аллаһ Тағала тарапынан өзінің пайғамбары әзіреті Мұхаммедке (с.а.у.) араб тілінде түсірілген, кітап халіне келтірілген, бізге дейін мутауатыр жолымен жеткен, «Фатиха» сүресімен басталып, «Нас» сүресімен аяқталған Құран Кәрім.

Құран алғаш 612 жылы Рамазан айының 17-сі, жұма күні, Қадір түні Меккенің жанындағы Хира тауының Сәур үңгірінде түсе бастады. Құранның түсуі осы уақыттан бастап әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қайтыс болғанына дейін аят-аят немесе толық сүре күйінде жиырма үш жылдың ішінде әртүрлі уақытта түсті. Құранның бөлек-бөлек болып түсуінің хикметін Құран Кәрімнің өзінде былай түсіндіріледі: «Біз оны сенің жүрегіңе жақсылап орнығуы үшін бөлек-бөлек оқыдық» ( «Фурқан» сүресі, 32-аят). Құран Жәбірейлдің көмегімен 22 жыл, екі ай, 22 күнде түсіп толықтырылды. Құранның түсуін екі кезеңде қарастыруға болады.

а) Мекке кезеңі, 12 жыл, 5 ай, 13 күн. Бұл кезеңде түскен сүрелерге Меккелік деп ат берілген.

ә) Мәдина кезеңі, 9 жыл, 9 ай, 9 күн. Бұл кезеңдегі сүрелер Мәдиналық сүрелер деп аталды.

Мекке кезеңінде үкім аяттары түспеген. Меккелік сүрелер шариғаттың сенім негіздерін қалыптастыру және жаман мінез-құлықтардан жақсыларына қарай ауыстыруды қамтиды. Адамдар Исламға кіріп, мұсылмандардың саны артқан соң, Мәдинада халал мен харамға байланысты аяттар түседі.

Құран алдыңғы сәмәуи кітаптар сияқты тек қана сенім, құлшылық пен ахлақ кітабы емес. Құран әрі сенім мен құлшылықты, әрі адамдар арасындағыәлеуметтік және экономикалыққарым-қатынасты дұрыстайтын, жеке адамдар мен қоғам өмірін түзететін үкімдерді қамтитын кітап.

  1. Сүннет (Хадис)

Сүннет сөздікте «жол, адамның әдеттенген жақсы немесе жаман әрекеттері, бағыт» деген мағыналарды білдіреді. Терминдік мағынасы болса,әзіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөзі, іс-қимылы және тақриріне (үнсіз құптауы) қолданылады.

Сөзді сүннетке мысал: “Кімде-кім ұйықтап немесе ұмытып намазын өткізіп алса, есіне түскенде оқысын”(Әбу Дәуд Сулейман Салат 11).

Іс-қимыл сүннетіне мысал: “Мен намазды қалай оқысам сізде солай оқыңыз.”20 (Бухари Азан 18.)

Тақрири (құпталған) сүннет – әзіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көрген немесе естіген бір істі қабыл етіп мақұлдауы. Сапар барысында су таба алмағандығы үшін таяммуммен намаз оқыған бір сахабаның намаздан кейін су тапқан кезде намазды қайта оқымауы және әзіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) оны кінәламауы сияқты. Бұл әлгі сахабаның ісінің шариғатқа қайшы еместігін білдіреді.

Фиқһта Құран Кәрімнен кейін екінші негіз- сүннет болғандығында дау жоқ. Сүннеттің діни бір дәлел болғандығы аяттармен бекітілген. Бұлаяттар мыналар: “Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неден тыйса одан тыйылыңдар”(«Хашыр» сүресі,  7-аят).

  1. Ижма

«Ижма» сөздікте «бір іске бел буу немесе бір мәселеде ортақ пікірге келу» деген мағыналарды білдіреді. Фиқһ термині ретінде: «Әзіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметінен шыққан мүжтахидтердің әзіреті Пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір дәуірде діни бір үкім жайында ортақ пікірге бірігулері». Осы анықтама бойынша ижмада мына шарттардың болуы керек:

а) Мүжтахидтердің (Мүжтахид — дәлелдерден діни үкімдер шығару қабілетіне ие болған кісі) барлығы бірдей бір үкімде ортақ шешім қабылдауы діни дәлел болып есептеледі.

б) Мүжтахидтердің ортақ пікірге келулері бір істің діни үкімі жайында алғашқы мәселе көтерілген кезде маңызға ие болады. Кейіннен уақыт өте әлдекімнің қарсы шығуымен ижма бұзылмайды.

в) Діннен тыс мәселелерде ортақ пікірде бірігу ижмаға қатысы жоқ.

Ижманың дәлел ретінде қабылдануы Құран мен сүннетке сүйенеді. Құран Кәрімде былай айтылады: “Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақмүминдердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз.”(«Ниса» сүресі, 115-аят). Аяттағы «сондай-ақ мүминдердің жолынан басқа жол іздесе» сөзі ижманың қуатты дәлел екендігін көрсетуде.

Ижманың дәлел болуын меңзейтін хадис шәрифтер де бар:“Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі Алланың құзырында да жақсы.”(Ахмед бин Ханбәл) “Үмметім адасушылықта бірлеспейді.” (Ибн Мәжа, Фитән 8.)

Ижма ашық (сарих), үнсіз (сукути) болып екіге бөлінеді. Ашық (сарих) ижма — бір ғасырда өмір сүрген әрбір мүжтахидтің ижма жасалған мәселе жайында ойын ашық түрде білдірген ижмасы. Үнсіз (сукути) ижма — қандайда бір ғасырда ижтихад жасауға лайық болған ғалым кісі белгілі бір көзқарас айтып, оның осы тұжырымын естіген басқа бір мүжтахид немесе мүжтахидтер оны қабыл етіп, етпеулері жайында ешқандай пікір айтпаса, ол мәселеде үнсіз жолмен (сукути) ижма жасалған болады.

  1. Қияс

Қияс сөздікте бір нәрсені басқа бір нәрсемен өлшеу, салыстыру мағынасын білдіреді. Терминдік мағынасы болса «аят пен хадисте үкімдері болмаған бір мәселені ерекшеліктері ортақ, шариғи үкімі белгілі басқа мәселемен салыстырып, арнайы шарттар арқылы соның үкімін үкімі белгісізге беру «-дегенді білдіреді.

Бұған шарапты мысал ретінде бере аламыз. Шарапқа Құранда тыйым салынған. Бірақ кейінгі дәуірлерде арақ, коньяк, шампанский, виски сияқты өзгеше атпен ішімдіктер шыққан. Құранда бұлардың аты аталмаған. Шараптың тыйым салынуына мас қылушы сипаты сай келгендіктен, әрі көптеген хадистерде де осы жайт белгіленгендіктен, жаңа ішімдіктер де ішкенді мас қылатындығы  белгілі болған кезде мас қылушы ортақ сипаты себепті қияс (салыстыру) жолымен шараптың үкімі өзге алкагольді ішімдіктерді де қамтиды.

Самат ӘЛІБАЕВ,

Батыс Қазақстан облыстық орталық

 мешітінің найб имамы

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com