Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ШАҚЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ШАҚЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ШАҚЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы президенттің бес әлеуметтік бастамасына арналады. «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын» деп жазылған хабарламада. Сессияны өткізуді ұйымдастыру үкіметке тапсырылды. Айта кетейік, наурыз айының басында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті халықтың тұрмысын жақсартатын бес әлеуметтік бастаманы жария еткен болатын.

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com