Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Ақида / Дүние мен ақыреттің ортасы немесе тағдыр мәселесі
Дүние мен ақыреттің ортасы  немесе тағдыр мәселесі

Дүние мен ақыреттің ортасы немесе тағдыр мәселесі

Адамзат мәңгі жаратылмаған.  Алла Тағала адамзатқа өлшеулі ғұмыр береді. Бұл жалған, өткінші дүниеде Алла Тағаланың өлшеп берген ғұмыры таусылған соң адам баласы өледі. Неміс ғалымы Гёте адамзаттың өлетіндігі жайлы былай дейді: «Нәрестенің бұл дүниеге шыр етіп келуі өлімге қойған алғашқы қадамы». Маңдайымызға жазылған күні өлім сағаты жетіп келсе ешкім араша түсе алмайтындығы анық. Ешкім ешқашан Алланың берген тағдырындағы өлім сағатын кешіктіріп немесе ұзарта да алмайды. Алла Тағала құранда: «وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ ۖ فَإِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ لَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً ۖ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ»

 «әрбір үмбеттің белгілі мерзімі бар. Олардың мерзімдері келгенде оны бір сағат кешіктіре де, ілгерілете де алмайды»(Ағраф сүресі 34-аят)

Өлім хақ. Ақиқатында Алла Тағала әрбір жан иесіне өлім дәмін таттырады, тіпті жаратылыстардың абзалы болған Пайғамбарларда өмірден өткен. Алла Тағала құранда былай деп баяндайды:

«وما جعلنا لبشر من قبلك الخلد أفإن مت فهم الخالدون ، كل نفس ذائقة الموت ونبلوكم بالشر والخير فتنة وإلينا ترجعون»

«(Мұхаммед с.а.у) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма? Әркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар»(Әнбия сүресі 34-35).

Алла Тағала адам баласын бұл дүниеде түрлі сынақтармен сынайды. Әрине сол сынақтар арасында өлім де бар. Өлген адам енді тек Алла алдында амалдарына есеп береді. Тірі адам өлген адамдардан сабақ алады. Әли р.а  (Бұл жалған дүниенің баласы емес ақыреттің баласы бол. Бұл дүниеде амал бар есеп жоқ, ақыретте есеп бар амал жоқ)  дейді.  Расында адам өлімнен қанша қашып тырысса да, құтыла алмайды. «(Мұхаммед оларға): «Расында сендер қашқан өлім сөзсіз, сендерге жолығушы»,-деп айт» (жұма сүресі8-аят).   «Біз араларыңда өлімді белгіледік. Сондықтан ешкім де бізден оза алмайды» (Уақиға сүресі 60-аят). Өлім  адам баласына сұрап келмейді. Сондықтан да адам өлімге әрқашан дайын болуы керек. Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Алланың елшісі (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) «Қызықтарды қиратушы – өлімді көп еске алыңдар»,- деген.  Өлімді еске алу тақуалыққа тәрбиелеуші бір дәрс. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер жануарлар өлім туралы сендердің білетін нәрселеріңді білсе еді, сендер олардың арасынан жеуге семізін таба алмас едіңдер» (Байхақи риуаяты). Шынайы иман иесі өзінің құлшылығын да, тіршілігін де, өмірін де, өлімін де жалғыз Аллаға арнайды. Өйткені Алла Тағала құлдарына осылай бұйырған: «Намазам да, құлшылығым да, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемнің Раббысы  Алла үшін. Оның еш серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бойсынушылардың алғашқысымын» — деп айт. (Әнғам сүресі 162-163- аят). Иман иесі әрқашан барлық ісін бір Аллаға тапсырып отырады. Істеген амалдарына есеп жасап отырады. Омар (р.а) «есепке тартылмай тұрғанда өздеріңе есеп жасаңдар» деп текке айтпаған. Алла Тағала құранда «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертеңі үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі» (Хашыр сүресі 18-аят).  Алла Тағала бұл жалған дүниеде адам баласына қаншама мысалдарды көрсетіп, құранда және хадистерде ашық баяндап қойған. Осыншама дәлелдерден кейін адам баласы тағы да өлмейтіндей  қателесуде. Алла Тағала құранда: «Аллаға қайтарылатын, сосын әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін күннен қорқыңдар» (Бақара сүресі 281-аят). Аллаға қайтарымыз анық екен. Алла үшін болған амалдарды арттыруымыз керек болады. Өйткені өлім уақыт, мекен таңдап келмейді. Алладан бұйрық келсе жан шығарылады. Бұл дүние өткінші сынақ, бұл дүниеде сыналамыз. Осы дүниеде жасаған амалдарымыз үшін Алланың алдында жауапқа тартыламыз. Қияметте барлық амалдар таразыланып жәннаты немесе тозақы деп бөлінеді. Шынайы иман келтірген тақуа адамдар өткінші дүниесін мәнгілік дүниесі үшін сарып етеді. Алла Тағала құранда: «Әй, ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар» (Бақара сүресі 197- аят). Алла Тағаланың көрсеткен осыншама мысал сынақтарын ақылымызға салып, иманымызды шыңдау біздің міндет. Алла Тағала қайтар күнге дайындалсын деп көзімізге өлімді көрсетті. Денінің саулығына шүкіршілік етсін деп ауру сырқатты көрсетті. Маған мақтаулар айтсын деп аштық пен тоқтықты көрсетті. Нендем сабақ алсын деп жақсылық пен жамандықты да көрсетті. Әрине, бұл дүниеде сабақ алатын мысалдар көп, ал өлімді еске алу сабақтың ең ұлысы. Ұлы сахаба Әбу Дарда (р.а) «адамзатқа жеткілікті болады өлімді еске алуы» деген.

Әсет РАМАНҚҰЛОВ,

Тәжиден Батырұлы мешітінің найб имамы,

Орал қаласы

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com