Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Фиқһ / Ораза ойға мұрат, бойға қуат береді
Ораза ойға мұрат, бойға қуат береді

Ораза ойға мұрат, бойға қуат береді

Қош келдің, әз Ораза, төрлетіңіз,

Ұлтымды ұйқылы-ояу тербетіңіз.

Басқадай бақыт іздеп неғылайын,

Жанымда, жанарымда келбетіңіз.

 

«Иманы берік жандар мығымтұрар,

Өмірдің туған шақта құнын сұрар.

Ораза: Ойға – мұрат, бойға – қуат», –

дегені , рас-ақ сөз бұрынғылар»,- деп ақын жырлаған екен.

 

Ораза һижраттың екінші жылы шағбан айының оныншы жұлдызында парыз қылынған және Исламның бес негізгі іргетастарының  бірі болып табылады. Алла тағала былай бұйырған: «Ей, мүминдер! Сендерден бұрынғы (үмметтерге) парыз қылынғанындай, (күнәдан) сақтанарсыңдар  деп, сендерге  де  ораза парыз етілді. (Бақара 183 аят).

Адамды үнемі азғырып арбап тұратын шайтан осы айда байланатыны жайлы Пайғамбарымыз былай дейді:

«Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылады. Жәһәннам есіктері жабылады. Шайтандар да шынжырмен байланып қамалады» (Бұхари, Муслим).

«Ораза» сөзі парсы тіліндегі «руза» сөзінің қазақ тіліне енген түрі. Араб  тілінде «саум» және «сыям» деп  аталады.  «Саум»  сөзі  араб тілінде «бір нәрседен аулақ болу, бір нәрсеге қарсы өзін-өзі ұстау, бөгеу» деген мағынаны білдіреді.

Негізінде, пайғамбарлар  пайғамбарлық міндетін арқаламай тұрып ондай істің ауырлығына төзімді болу үшін дайындық ретінде алдымен ораза тұтқан. Мұхаммед (с.ғ.с.) өзіне  Құран  түспей  тұрып,  Мекке  қаласының  маңындағы  Хира  үңгірінде  бір  ай  бойы  жалғыз,  оңаша  қалған күндерін түрлі ғибадаттармен өткізген. Осы шындықтар оразаның негізгі мақсаты мен пайдасының руханилығын көрсетеді. Сондықтан оразаны тек ғибадат мақсатымен ғана орындау керек. Оразаның тек сыртқы пайдаларын мақсат тұтсақ, ораза ғибадат болмайды. Яғни, ораза ұстағанда диета сақтап, арықтау сияқты мақсаттар болмау керек. Ораза адамның шүкіршілік сезімдерін жандандырады. Осы ерекшелігімен ораза қоғамдағы кек сақтау  мен  қызғаншақтық сияқты көпшіліктің тыныштығын кетіретін жамандықтарды жоятын күшті ықпалы бар  иләһи бұйрық.  Сондықтан ораза  тек  осы  үмметке емес,  бұрынғы үмметтерге де парыз болған ерекше ғибадат.

Оразаның нығметі:

 

Оразада нығмет көп. Соның бірі – тәубе ету. Ал тәубесі қабыл болған жанның сыйлығы өте зор. Ол адам Қияметте пайғамбарлар мен бірге тұрады. Оразаның екінші бір нығметі – кешірім айы. Яғни, бұл айда Аллаға өте көп истиғфар (кешірімөтіну) жасаған  дұрыс. Алла шынайы ықыласпен кешірім өтініп, жарылқану тілеген құлының мал-мүлкін көбейтеді, оны пәле-жаладан сақтайды. Алла жарылқау тілеген қауымға рахым етеді. Олардың несібесін молайтады, ұрпағын көбейтеді және күшті қауымға (мемлекетке) айналдырады. Оразаның үшінші нығметі – тыйымайы. Құранда мұсылман адам үшін Алла өзі үкім еткен тыйымдар бар. Әлбетте Раббымыз бізді харам дүниеден тыйды. Ал, оразада адамдар (мұсылмандар) харамды былай қойып, халалдың өзінен тыйылады. Яғни, ораза тұтуға байланысты адам күнделікті қолданып жүрген халал астан тыйылады. Бұныңт әрбиелік мәні ерекше. Халалдан тыйылып үйренген адамға ертең харамнан тыйылу оңай болады. Оразаның біз білетін тағы бір нығметі – иманды күшейту. Мысалы, дені сау, ақшасы көп, қарны тоқ адамда нәпсі күшті болады.  Басына қиындық туып, қатты қиналған адамның нәпсісі азайып, иманы оянады. Бір Алладан ғана үміт етіп, өзінің дәрменсіздігін сезінеді. Сол сияқты ораза тұтқан адам шөлдеу арқылы тоқ нәпсісін тізгіндейді. Мақаламызды қорытындылай келе оразаның ерекшеліктеріне тоқталсақ.

 

Оразада жақсы 10 ерекшелік бар:

 

  1. Аштық халде көңіл тыныштығы мен зейін (жады) күштілігі, ал, тоқтықта ақымақтық пен ұмытшақтық пайда болады.
  2. Аштық халде жүрек жұқалығы, яғни сезімталдық болады. Сонан дұға мен ғибадаттардан ләззат алынады. Тоқтық халде жүрек қатаяды да, ғибадаттан ләззат алу мүмкін болмайды.
  3. Аштық халде  қарапайымдылық  пен  мінез жұмсақтығы,  ал, тоқтықтатәкаппарлық, мақтаншақтық пен ашу халі болады.
  4. Аштық халде кедейлер мен аш жүргендердің қамын ойлау, ал, тоқтық халде оларды ойламау мен бейқамдық көрініс табады.
  5. Аштық халде  нәпсілік армандарға деген әуесқойлық басылады, ал, тоқтықта, керісінше, іске асады.
  6. Аштық халде ширақ әрі сергек болады, ал, тоқтық халде ұйқы мен ғапылдық, жалқаулықболады.
  7. Аштық халде ғибадат пен құлшылықты жалғастыру оңай, ал, тоқтық халде жалқаулық пен осалдық болады.
  8. Аштық халде  денсаулық жақсы болады,  тоқтықта дене әлсірейді де, ауырып қалады.
  9. Аштық халде денеде жеңілдік пен рахат болады, ал, тоқтықта ауырлық басады.
  10. Аштық халде садақа беру сияқты қайырымдылық жасау сезімі көбейеді. Бұл да құлды қиямет күнінің үрейлі ыстығында салқын көлеңкеде болуға жеткізеді. Ал, тоқтық  халде  сараңдық  пен ысырапқорлық пайда болады да, бұл құлды зияндыққа ұшыратады.

Құрметті оқырман, Раббымыздың парыз еткен, барша мүміннің асыға күтетін, ойға – мұрат,бойға – қуат беретін оразасының сауаптарынан біздер мен сіздер де құр қалмайық, ағайын!  Қабыл болсын!

 

Мұратбек ЖАХАТОВ,

Асан ауылдық мешітінің бас имамы,

Батыс Қазақстан облысы

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com