Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Тәпсір / Құран рәміздері
Құран рәміздері

Құран рәміздері

Құранның ең алғашқы рәміз-хареке қойылуы хижреттің 65 жылында Абдулмәлік ибн Маруан (қ.б. 86/706) заманында қолға алына бастады. Араб әліпбиіндегі көптеген әріптер бір-біріне өте ұқсас пішінде жазылғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату өте қиын еді. Дәлірек айтқанда, қазіргі кезде  араб әріптерінің үстінен және астынан көріп жүрген әріптерді ажыратушы нүктелер мен дауысты дыбыстарды білдіретін рәміз-харекелер ол кезде жоқ еді. Сахабалар араб тілі өздерінің ана тілдері болғандықтан жазылған жазуды нүктесіз және харекесіз-ақ бір-бірінен ажыратып, оңай оқи алатын еді. Сондықтан олар үшін оның қажеттілігі де болмаған.

Құранға рәміздердің қойылуына ислам дінін қабылдаған өзге ұлттар мен ұлыстардың саны артуы себеп болды. Солардың ішінде араб тілін білмегендіктен мағынасын өрескел бұзып, Құранды қате оқитындар пайда бола бастады. Бастапқы кезде харекелердің орнына түрлі белгілер қолданылған. Фатханы білдіретін белгі ретінде әріптің үстіне бір нүкте, Кәсраны білдіретін белгі ретінде әріптің астына бір нүкте, Дамманы білдіретін белгі ретінде әріптің алдына бір нүкте, сукунның орнына екі нүкте қойылатын болған.

Нүктемен белгілеуді ең алғашқы болып Әбу Әсуад әд-Дуали (қ.б. 69/688) Хасан Әль-Басри (қ.б. 110/728) Наср ибн Аасим (қ.б. 89/707) немесе Яхия ибн Яғмур, бірақ та осы нүктемен ишараттауды ең алғашқы Әбу Әсуад әд-Дуали (қ.б. 69/688) бастап қалғандары осы жүйені әрі қарай жалғастырған.

Бір риуаятта Басраның әкімі Зияд Әбу Әсуад әд-Дуалиге хабаршы жіберіп Алланың кітабы дұрыс және  қатесіз оқылуы үшін кейбір белгі-ишараттар қойылуын қалап, хабаршы жіберген. Әбу Әсуад әд-Дуали құранға бір белгі-ишарат қоюды қаламаған. Бірақ күндердің бір күнінде құран оқып жатырған бір адамның Тауба сүресінің 3 аятында

اَنَّ اللّٰهَ بَرِيءٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ وَرَسُولُهُ

расул сөзінің харекесін дамманың орнына кәсра қылып оқығанын естіп, мағынаның бұзылғанын байқаған. Негізгі мағынасы: «Алла да пайғамбар да мүшріктерден ұзақ»  Бірақ әлгі адамның оқығандағы мағынасы;  «Алла мүшріктерден және пайғамбардан ұзақ»  Әбу Әсуад әд-Дуали: « Олай болу мүмкін емес» деп Басраның әкімі Зиядтың ұсынысын қабыл етеді.

Бұдан кейін Абдумәликтің (қ.б. 86/705) заманында әріптерді бір-бірінен ажырату үшін нүктенің қойылуына мұқтаждық пайда болған. Ол уақытқа дейін әріптердің ешқайсысында нүкте болмаған. Әріптерге нүкте қойылғаннан кейін алдыңғы фатха, кәсра, дамма, сукун белгілерімен шатаса бастады. Оларды бір-бірінен ажырату үшін түрлі түсті сиялармен бояп араларын ажыратқан, кейін  қолданылып  келе жатқан харекелеу белгілері қойылған.

Хижреттің үшінші жылында құранның жазылуы жақсарды.  Сүрелердің аттарын, аят сандарын, аяттың басын білдіретін белгілер; тұру міндетті болған  م (мим), тұру тыйым салынған لا  (ләм әлиф), тоқтау және жалғастырып оқу рұқсат етілген ج (джим) белгілері қойылды.

Әуел баста ешкім Құранға қандай да бір нәрсені қоспауы үшін нүкте және харекелер қойылмаса да, кейін  уақыт өте келе  адамдардың Құранды қате оқып, мағынасын бұзбауы үшін  нүкте және хареке қойылуына мұқтаждық туындады.

 

Ерлан КЕНЖИН,

Тәжиден Батырұлы мешітінің найб имамы,

Орал қаласы

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com