Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Фиқһ / Оразаның үкімдері
Оразаның үкімдері

Оразаның үкімдері

Ораза   -таңнан қара кешке дейін ішіп-жеуден және оны бұзатын нәрселерден тиылу. Оразаның парыз болу шарттары- мұсылман болу.  Дінді жаңа қабылдағандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарын өтеу міндет емес. Екіншіден, балиғат жасына толып, ақыл – есі дұрыс болу. Балалар мен ақыл – есі ауысқан, талып қалатын немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Үшінші -ораза ұстауға күші жету және жергілікті тұрғын болу. Науқас  адам мен  жолаушыға ораза парыз емес. Бірақ оразасын ұстаған дұрыс. Ұстамаса басқа күндері қазасын өтейді. Кәрі адам немесе жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдар фидиясын береді.

Құранда: «Рамазан- адамдарға ақ пен қараны айырушы,бекем тұтынатын дәлел ретінде құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде -кім ауру болып немесе сапарда жүрсе, онда басқа күндері өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді»(Бақара, 187) деген аятта парыз оразаның мәні, негізгі сипаттары,уақыты,қазасын өтеу жайлы айтылады. Ораза адам нәпсісін тиып, рухани өсуге,бойдағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінез тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Сондықтан аузы берік жан бос сөзден,орынсыз әрекеттерден, жаман істерден бойды аулақ ұстап, құлшылықтарын арттырып,бос уақытын діни ілімдерге,құран оқуға жұмсағаны абзал. Оразада адамдар ризық – несібенің қадірін түсініп, бай мен кедей арасында байланыс орнайды. Парыз оразадан басқа уәжіп, сүннет, мұстахаб, мәкруh оразалары бар. Уәжіп оразаға – нәзір оразалары жатады. Сүннет оразаға –арафа күнінде ораза ұстау тағы да басқа оразалар жатады. Мұстахаб оразаға – Дәуіт(а.с.) пайғамбардың бір күн ұстап, бір күн аузын ашқан оразасы және тағы да басқа оразалар. Мәкруh ораза – тек  қана жұма, айт т.б. күндердегі оразалар.

Мына жағдайларда бұзылған оразаның тек қазасы өтеледі: 1. Дарет алып жатқанда не басқа себептермен тамаққа су кетyі. 2. Ұйқыдағы адамның аузына су құйып жіберуі. 3. Ұмытып бірнәрсе жеп қойған кезде «оразам бұзылды» деп ойлап, ішіп – жеуді жалғастыра беруі. 4. Күн батты деп ойлап, аузын ашып жіберсе, бірақ күн әлі батпаған болса және сәрісінің уақыты әлі біткен жоқ деп ойлап ішіп — жей беруі. 5. Түнде оразаға ниет етіп, таңда сапарға шығып кетсе, сөйтіп сапарда оразасын ашып жіберуі.

Қаза әрі каффарат қажет ететін жағдайлар: 1. Біле тұрып ішіп – жеу. 2. Әйелімен жақындасу. 3. Темекі шегу немесе басқа да түтіндерді әдейілеп жұту. 4. Ғайбат, өтірік айту және сүрме жағып, қан алдыру және  баршаға мәлім болған ораза бұзбайтын нәрселерден кейін оразам бұзылды деп ішіп – жеу.

Оразаны әдейі бұзғаннан кейін сол күні есінен танған, немесе ораза ұстай алмайтындай жағдайда ауырып қалған адамға каффарат керек емес.(Хиндия және Қадихан)

Қандай ма бір қауіп төнумен оразасы бұзылған  адамға каффарат қажет емес.( Қадихан)

Ауызын толтырып  құсқан және ұйқыда жүніп болған адам , «оразам бұзылды» деп ойлап ішіп – жейтін болса каффарат керек емес. (Раддул Мұхтар)

Ас болмайтын қағаз, тас , мақта  сияқты нәрселерді әдейі жұтса каффарат керек емес. (Нимети Ислам)

Бір әйел оразасын әдейі бұзса, кейін сол күні ауызашардан бұрын етеккірі келсе каффарат қажет емес. (Тахтауи)

Рамазан айынан басқа уақытта қай себеппен ораза бұзылса да каффарат керек емес.

Намаз, зекет, қажылық сияқты құлшылықтарды өзіміз үшін жасасақ, ораза  Алла үшін. Сондықтан Алла Тағала оның сауабын өзі беретінін айтуда. Тіпті қиямет күні есеп – қисап кезінде кісі ақысын борышты болған жанға оның намаз, зекет, қажылық  сияқты істеген амалдары болса сол амалдарының сауабын алып береді. Бірақ оразаға келгенде (жоқ, бұл ораза мен үшін, сондықтан оразадан ақыңды бере алмаймын, егер сен оны кешірсен саған жомарттық етемін) деп  Алла Тағала  оразаның сауабын өзгеге бермейді екен. Бірде Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамызға (р.h.):Жәннаттің «есігін қақ» — дейді. Сонда Айша анамыз түсінбей : «Жәннаттің есігін қалай қағады?» — деп сұрағанда. Оған Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): « Ораза ұста. Әр ораза ұстағаның жәннаттің есігін қаққаның » — деп жауап берген »  деген екен.  Алла Тағала  ақиретте тек ораза ұстағандар ғана кіргізілетін  жәннаттің  «Ар — Райан» қақпасынан  кіруді баршамызға  нәсіп етсін!

 

Ж. ҚҰСАЙЫНОВ,

Казталов аудандық  мешітің бас имамы,

Батыс Қазақстан облысы                       

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com