Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Хадис / Абу Ханифаның хадис іліміңдегі орны
Абу Ханифаның хадис іліміңдегі орны

Абу Ханифаның хадис іліміңдегі орны

Фиқһ ілімінің негізін қалап, әлемге кең тараған мазһабтың Имамы, мұсылман ғалымдары сөзсіз мүжтәхид деп бірауыздан қабылдаған Имам ағзамға бастапқы кездері қарсы шыққаны белгілі. Қазіргі таңда да сол негізсіз сөздердің шығу төркінін білмей жатып, асығыстықпен «Имам Ағзамның хадис ілімінде таяз болған, сахих хадистер тұрғанда оларды ескермей қиясты негізге алған, әлсіз хадистермен амал еткен…» деген секілді жаңсақ пікірлерді таратып, Әбу Ханифаның беделін түсіруге тырысатындардың кездесетіні анық.

Бірақ «Жарқырып тұрған күнді балшықпен сылай алмайсың» дегендей, оны жұрт алдында кішірейтуге  қаншама тырысқанымен, ол бұған кішірейіп қалмайды. Енді осы пікірлерге мұсылман ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, дұрыс жауап іздеп көрейік.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Әбу Ханифаның өмір сүрген уақытында Куфа Ислам әлемінің ең ірі ілім орталықтарының бірі еді. Аталмыш қалаға сахабалардың көп бөлігі қоныс аударып, олардың ілімдерің бойларына сіңірген мыңдаған табиғин ғалымдары өсіп жетілді. Тарихи мәліметтерде сол кезеңдегі Куфаның хадис ілімі тұрғысынан маңыздылығын көрсететін көптеген мәліметтер кездеседі. Әнәс ибн Сирин: «Куфаға келдім. Ол жерде хадис үйренуші төрт мың, ал фақиһ төрт жүз адамды көрдім.» дейді. Ал Аффан ибн Муслим: «Куфаға келдік. Онда төрт ай тұрақтадық. Қаласақ, осы мезгілде жүз мыңдай хадисті жазып алуға болар еді. Тек хатқа түскендерін ғана қабылдағандықтан елу мың хадисті ғана қағазға түсіріп үлгердік»  дейді.

Имам Зухри ирактықтардың ілімін төмен санайтын. Оған Куфада төрт мың хадис риуаят еткен бір адамның (Ағмаш) бар екендігі айтылып, ол хадистердің біразы жеткізілді. Ол әлгі хадистердің бірін қалдырмай егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, «Уаллахи, бұл нағыз ілім. Иракта мұны білетін адам бар деп ойламаппын» деп айран-асыр қалған екен.

Әбу Ханифаның хадис риуаятының осыншалықты кең тараған берекелі аймақта ғұмыр кешіп, одан нәсібін алмауы мүмкін емес. Қайта, керісінше, риуаяттың көп тарауына байланысты әр естіген хадисін ала бермеген. Фақиһтардың хадисшілерден ең үлкен айырмашылығы да, міне, осында. Хадисшілердің бір бөлігі әр естіген хадисін  жинап, онымен амал етуге болып-болмайтынына қарамай, тіпті кейбіреулерінің хадистерде не айтылғанын да түсінбей, басқаларға жеткізуге тырысқаны көптеген кітаптарда келтірілген.

Кейбір деректерде Әбу Ханифаның үйінде жазбаша түрде сақталған сандық толы  хадистердің болғаны, олардың аз бөлігін ғана риуаят еткендігі айтылады. Әрине, осы хадистерді риуаят еткен ұстаздары да болуы тиіс қой. Мысалы, Муғжамул-мусаннифиннің авторы Муаффақ Меккидің кітабына сүйене отырып, Әбу Ханифаның 292 ұстазының аты-жөндері мен қай хадис кітаптарында аттары аталатындықтарын айтқан. Имам Суюти Әбу Ханифаның 74 шейхының аты-жөнін берген. Бағдади мен Захабидің келтірген тізімі бойнша шейхтерінін саны 50-ге жетер-жетпес. Муаффақ Мекки Әбу Ханифа жақтастарының Имамның шейхтерінің санын төрт мыңға дейін шығарғандығын айтады. Әрине, бұл санның әсірелі болуы мүмкін. Десе де оның хадис риуаят еткен ұстаздарының аз болмағанын әрі хадиске ынтасының қаншалықты болғанын көрсетеді.

Үлкен мужтәхид, әлемде кең тараған мазһабтың имамы Әбу Ханифаның хадистен жырақ қалмайтындығы айдан анық. Өйткені, құқықтық үкімдердің негізі көбіне хадиске сүйенеді. Соған қарамастан кейбіреулер білместікпен Ұлық имамға жала жауып: «Хадисті аз білген, өз көзқарасымен амал еткен» деген секілді пікірлер айтып жүр.

Осы мәселеде қатысты белгілі тарихшы  Ибн Хаддун: «Кейбір шектен шыққандар мен көреалмаушылар мүжтәхид имамдардың кейбірінің хадис ілімі жеткіліксіз, сондықтан хадис риуаяты аз екенін айтуда. Үлкен имамдар жайлы бұлай ойлау орынсыз. Өйткені шариғат заңдарының Құран мен хадистен алынатыны анық. Дінді сахих (Дұрыс, сенімді) негіздерден және оның үкімін жеткізушіден ала білу хадисте жүйрік болуды талап етеді. Ал пәтуә беру, қазылық ету хадис ілімі таяз адамдардың қолынан келетін іс емес. Ал хадис риуаяты аздарға келсек, олар өздеріне жеткен хадистердегі кейбір кемшіліктерге байланысты хадис риуаятын азайтқан. Міне, Әбу Ханифа да риуаят пен хадис жеткізуге қатаң талап қойып, асқан жауапкершілікпен қарағандықтан хадистерді аз риуаят еткен. Ол біле тұра хадис риуаят етуден қашпаған. Мәзһабының хадис имамдары арасында сенімді деп табылуы, риуаяттарды қабылдау не алмауға қатысты қойған талаптарының орындылығы, оның хадис ілімінде алып мүжтәхидтерден екендігін көрсетеді» дейді.

Алла елшісінің жанында болған сахабалар да хадистердің барлығын түсінбеген. Мысалы: Омар (р.а)  отқа табынатындардан салық алмау  және оба ауруы жайындағы хадисті білмеген. Сахабаларда болған жағдайды дұрыс қабылдап, Әбу Ханифаға келгенде айыптау орынсыз болар.

 

Талғат ҚАЙЫРҒАЛИЕВ,

Асан мешітінің найб имамы,

Батыс Қазақстан облысы

 

 

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com