Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Ислам ғылымдары / Тәпсір / Рахман сүресіндегі ғылыми шындық
Рахман сүресіндегі ғылыми шындық

Рахман сүресіндегі ғылыми шындық

Алғашқы рет 1962 жылы Баб-эль-Мандебск бұғазында, Аденск және Қызыл теңіздің тоғысатын жерінде Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының екі суы бір-бірімен қосылмайтындығы зерттеле бастады. Ал кейінірек Жерорта теңізінің суы осы негізде зерттелінген. Океанологтардың зерттеулерінің нәтижесінде XX-ғасырдағы ғылыми жетістіктер таңқаларлық нәтижелерге қол жеткізген. Ал бұл қол жеткізілген нәтиже 1400 жыл бұрын Ислам дінінің негізі болған Құран кітабында тайға таңба басқандай анық жазылып кеткен. Құранда:

مرج البحرين يلتقيان. بينهما برزخ لا يبغيان

“Ағызған екі теңіз қосылады. Екі арасында бөгет бар, бір-біріне араласпайды”-делінген. Бұл таңғажайып бір-бірімен қосылмайтын екі судың табиғи құбылысын океанологтар жақында ғана зерттеп, жаңалық етіп ашқан болатын. Физикалық күш есебінен, жоғарғы қысым болып, көрші теңіздің суы келесі суға қосылуына бөгет болады. Бұл жоғарғы қысым теңіз күштілігінің әр-түрлі болу есебінен белгілі бір көзге көрінбейтін перде іспеттес бір-біріне араласып кетуден сақтайды. Ал Құранда келтірілген аят, сол заманның ешбір техника дамымаған, бұлынғырт ғасырларында да болғандығын және тек 14 ғасыр өткеннен кейін ғана зерттелінгенін Құранның шынайы екендігіне бірден-бір дәлел болмақ. Зерттеулер нәтижесінде әлемде 16 жерде су шекарасы бары анықталды. Олар туралы қысқаша мәлімет келтірер болсақ:

Солтүстік теңізі мен Балтинск теңізі

Екі теңіздің тоғысатын жері Солтүстік теңіз және Балтинск теңізі Скаген, Дания қалалары тоғысында. Теңіздердің қосылмау себебі екі түрлі қысымнын болуында.

Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты

Тоғысатын жері Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының Гибралтар шығанағы бойында. Сулардың қосылмау себебі екі түрлі қысымның болуы және тұздылығында.

Кариб теңізі мен Атлант мұхиты

Тоғысатын жері Кариб теңізі мен Атлант мұхитының Антильск аралы аймағында. Солтүстігінде Кариб теңізі түсі көгілдір ақық, Оңтүстігінде Атлант мұхиты түсі қою көк.

Суринам өзені мен Атлант мұхиты

Тоғысатын жері Суринам және Атлант мұхиты Оңтүстік Америка

Уругвай өзені мен оның шекарасы

Риу-Негр мен Солимойнс (Амазонка қарамағы)

Бразилиядағы Манаустан алты мил жерде орналасқан Риу-Негр мен Солимойнс өзендері тоғысады, алайда 4 километрге дейін қосылмайды. Риу-Негр өзені қою түсті, ал Солимойнс ашық түсті. Бұл құбылыс температураның әр-түрлі болуы себепті және ағыс жылдамдығының түрлі болуымен түсіндіріледі. Риу-Негр 2 км/с ағыс-жылдамдықпен және Цельспен есептегенде 28 градустық температурада болса, ал Солимойнс 4 тен 6 км/с ағыс-жылдамдықпен, Цельспен есептегенде 22 градустық температурада болып келеді.

Мозель мен Рейн

Өзендердің тоғысқан жері Мозель мен Рейн Германиядағы Кобленц қаласында орналасқан. Рейн-ашық түсті, Мозель-қою түсті.

Ильц, Дунай және Инн

Үш өзеннің тоғысқан жері Германиядағы Пассауға барып тіреледі. Ильц ол- кішігірім таулы өзен, Дунай ортасында орналасқан, ал Инн ашық түсті.

Алакнанда мен Бхигаратхи

Өзендердің тоғысқан жері Индиядағы Деуапрая жерінде орналасқан. Алакнанда- қою түсті, Бхагиратхи-ашық түсті.

Ертіс пен Ұлба

Өзендердің тоғысқан жері Қазақстандағы Өскемен қаласында орналасқан. Ертіс- тұнық, Ұлба- бұлынғыр.

Цзялин мен Янцзы

Өзендердің тоғысқан жері Қытайдағы Шунцинде орналасқан. Цзялин 119 километрге дейін созылып жатыр. Ол Шунцин тауынан Янцзы өзеніне келіп құяды. Цзялин өзенінің тұнық суы Янцзы өзенінің қоңырқай суымен тоғысады.

Ертіс пен Ом

Өзендердің тоғысқан жері Ресейдегі Омск жерінде орналасқан. Ертіс- бұлынғырт, ал Ом-тұнық.

Ертіс пен Тобыл

Өзендердің тоғысқан жері Ресейдегі Түмен облысында орналасқан. Ертіс-ашық, бұлынғырт, ал Тобыл-қою, тұнық.

Чуя мен Катын

Өзендердің тоғысқан жері Ресей, Алтай Республикасындағы Оңқұдай елді-мекенінде. Екі өзен шекараны анық бөліп тұр.

Грин мен Колорадо

Өзендердің тоғысқан жері АҚШ-тағы Юта штатындағы Каньонлендс Ұлттық паркінде орналасқан. Грин-жасыл, ал Колорадо-қоңырқай түстес.

Рона мен Арв

Өзендердің тоғысатын жері Швецариядағы Женева елді-мекенінде. Сол тұстағы өзен- тұнық Рона, ол Леман өзнінен бастау алады. Оң тұстағы өзен- бұлынғыр Арв.

Танымал француз ғалымы, океанограф, мұхит тұнығын және теңіз зерттеулерін бастаушы, акваланг туындыгері, бірнеше кітаптар мен фильмдердің авторы-Жак Ив Кусто әлемге ғылыми зерттеулерімен танымал. Алайда Кустоның бұл зерттеулері шынайы Ислам дінің қабылдауына бірден-бір септігін тигізгендігін біреу білсе, біреу білмес. Кусто Ислам дінің қабылдап, мұсылман болып дүниеден өтті. Ол өзінің бір сөзінде Ислам дінің қабылдауы бұл оның өміріндегі үлкен және дұрыс қадамдардың бірі болғандығын айтады. “Тірі теңіз” атты телебағдарламасында мұхит, өзен және теңіз әлеміндегі таңғажайып дүниелерді ашқан. Ал Гибралтар бұғазын зерттеу нәтижесінде ғылым түсіндіре алмайтын таңғажайып фактілерге куә болады: екі түрлі судың бір жерде орналасып, бір-бірімен қосылмауын зерттеген. Олар бейне бір көзге көрінбейтін пердемен ажыратылып тұрғандай. Олардың әрқайсысында өзіне тән температура, құрамы тұзды, өздеріне тән теңіз жануарлары мен өзімдіктері бар. Бұл Гибралтар бұғазынан өтетін Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының сулары. Жак Кусто: “1962 жылы неміс ғалымдары Баб-эль-Мандеб бұғазындағы Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары бір-бірімен қосылмайтындығын зерттеген болатын. Біз осы негізді ала отырып, өз әріптестерімізбен ақылдаса келе Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының суларын зерттей бастадық. Алдымен біз Жерорта теңізінің суын зерттедік, оның тұздылық мөлшерін, күштілігін, теңіздегі өмір сүру формасын, кейін Атлант мұхитынада дәл осындай анализ жасадық. Бұл екі түрлі су мөлшері Гибралтар бұғазында мың жыл тұрғысында тоғысып жатыр. Ақылға салып қарасақ, осыншама жыл нәтижесінде бұл екі су бір-бірімен араласу қажет еді, олардың тұздылығы, температурасы бір болу керек еді немесе тым құрғанда ұқсас болуы керек еді, алайда тіпті олардың тоғысқан жерінен бастап сол бұрынғы кейпінен еш өзгеріссіз. Басқаша айтсақ, олардың тоғысқан жеріндегі перде бір-біріне өтіп кетуден керемет қорғайды”-дейді. Сонымен қатар: “Мен Химия мен Физика заңына бағынбайтын бұл мекенде ұзақ уақыттар түнедім”- дейді, алайда ең таң қалған сәтім бұл туралы 1400 жыл бұрын айтылып кеткендігі жөнінде болды. Ол бұны өзінің француз докторы Морис Букейден біледі, ол да Ислам дінін қабылдайды. Кусто: “Мен оған өзімнің ашуларым туралы айтқан кезде ол еш өзгерместен бұл 1400 жыл бұрын Құранда жазылып кеткен”-деді. Бұл мен үшін ашық күндегі найзағай іспеттес болды. Сонда мен: “Ант етемін, бұл Құран, заманауи ғылымнан 1400 жыл озық келген әсте адамның сөзі болуы мүмкін емес. Бұл барлығына күші жететін Жаратушының сөзі. Осы жағдайдан кейін мен Ислам дінін қабылдадым және әрдайым осы діннің шынайы екеніне көзім жете бермек және де Жаратушыға менің көзімді ашқанына сансыз шүкіршілік айтамын”. Шынайы діннің шынайы негізі болып келген Құранда ашылмаған сан түрлі ашулар бары белгілі, ал жаңа ашулар біздің иманымызды одан сайын күшейте берері сөзсіз.

 

Айзада АХТАНОВА,

«Жас өрен» ҚБ-нің теологы,

Орал қаласы

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com