«Еуразия» индустриалдық экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат – Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында «Еуразия» индустриалдық экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Шараға арнайы шақыртылған Қазақстан Республикасының «Самбо» күресіне еңбек сіңірген спорт шебері, Ересектер арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Сағатұлы жастарымызға мәдени және ұлттық құндылықтарымызды сақтау және дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ұлттық құндылықтарымызға тигізетін кері әсерін ашып көрсету мақсатында сөз қозғады. Сонымен қатар,  блогер Динара Мұратқызы жастарымызды сауатты болуға, жан – жақты қызығушылықтарын оятуға, білімді болуға, рухани құндылықты дәріптеу шақырды. Шара соңында Батыс Қазақстан облысы Дін істер басқармасының мемлекеттік – әлеуметтік тапсырысы негізінде түсірілген видеоролик көрсетіліп, үлестірмелі материалдар таратылды.

http://srealt.comhttp://otellook.com