Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / Сүннетпен емделу – тәніңе зор дем беру
Сүннетпен емделу – тәніңе зор дем беру

Сүннетпен емделу – тәніңе зор дем беру

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы немесе ислам медицинасы – сүннет амалымен емделу, яғни ардақты пайғамбарымыз  Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен Құран аяттары немесе хадистеріне сүйене отырып ем қабылдау.

Сахабалардың дерттен сауығу жайында қойған сауалдарына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қайтарған жауабы емделуге жатады. Ислам медицинасы адам өміріндегі тәни қажеттіліктеріне қатысты тамақ, сусын ішу, мекен ету орыны, отау құруы т.с.с. қамтиды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көрсетіп кеткен емделуге байланысты мәселелер, медициналық тәжірибені жүзеге асыру, ислам көзқарасы тұрғысынан  дәрігерлердің жауапкершілігі секілді өзіндік заңнамаларды қамтиды.

Хадис ілімін меңгерген ғалымдар «Медицина бөлімі» атты бөлек тарауды құрап, онда ислам медицинасына байланысты айтылған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) пікірлерін енгізген. Алғаш рет «аль-Мувата» атты хадистер жинағын имам Мәлік құрастырған еді. Бұл еңбектің жалғасын Имам Мәліктің ізімен имам әл-Бұхари онан соң имам Муслим және басқа да хадис жинақтаушы ғалымдар толықтырды.

Тарихшылардың пайымдауынша, Әли ар-Риза ибн Муса әл-Казим атта ғалым Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы жайында арнайы кітап шығарған. Әл-Казимнің бұл еңбегі қысқаша трактаттардан (шартты) құралған.

Мұның артынша «Пайғамбарлық медицина» атты кітап жазылды, оның авторы әл-Мәлик ибн Хабиб аль-Андулуси  болды. Ол факих, мухаддис болған, осы ілімдерін құрмет тұтқан бұқара оны алим Андалуси деп атап кеткен. Айта кететін жайт, алғаш рет Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы бойынша хадистер және  бөлімдерге жинақталған хадистер осы кітапта баяндалады.

Ал, ислам шариғатымен, пайғамбар өсиетімен амал қылып, мұсылманша емдеу тәсілдерін ең алғаш іске асырған Абдуль-Латиф аль-Багдади  атты ғалым. Ол фикх пен грамматика саласының терең білгірі. Ғалымның артынан «Ат-Тибу мин аль-Китабиева ас-Суннати» («Құран мен Сүннет негізіндегі медицина») атты құнды мұра қалды.

Сондай-ақ, тарихтан мәлім, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы туралы Ибн Сина, Абу Нуайм, аль-Асбахани, ат-Тайфаши, аль-Камил ибн Тархан және т.б. ғалымдар  құнды деректер қалдырған.

Ислам медицинасы саласында мазмұны жағынан терең әрі көлемді еңбектердің көш басында Имам хафиз Джалалуддин ас-Суютидың «Аль-манхадж ас-савив аль-манхали ар-рави фи ат-тиби ан-набавий» кітабы тұр.  Джалалуддин ас-Суюти хадис ғылымында хабары  мол, медицина тақырыбында көп ізденген ғалымдардың бірі әрі бірегейі.

Қандай да бір ауру-сырқаттан Алла Тағала рұқсат еткен амалдармен оның емін, шипасын іздеу керектігі жайлы ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде көптеп айтылады. Бұхариден жеткен хадисте пайғамбарымыз былай дейді: «Алла Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермейді». «Әр сырқаттың емі бар және де егер дәрі сырқаттың шипасын берсе, ол Аллаһтың қалауымен болғандықтан» ( Муслим). Ал, Абу Саида аль-Худриден келген риуаятта Аллаһ елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Аллаһ Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді» (имам Ибн Маджа).

Бұл хадистерден біз емделуге ниет етудің маңыздылығын байқаймыз. Алла Тағала дәріні сырқаттан жазылу үшін жаратқан. Алла елшісінің (с.ғ.с) «Оның емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді» деген сөзіне ислам дәрігерлерін ғылыми зерттеулер жүргізіп, бұрын емін таппаған аурулардың шипасын іздеуге шақырған.

Алла Тағала өзі толығымен ешбір кемшіліксіз түсірген Ислам діні адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, қос дүниенің бақытына кенелуіне ғана қызмет етеді.

Ислам діні бес шартты сақтауға кепілдік береді:

— Дін

— Тән мен жан дүние

— Абырой

— Дүние-мүлік

— Сана

Бес шарттың үшеуі денсаулықпен (тән, абырой, сана) байланысты. Ислам медицинасы адамның тәнін дертке ұшырау қауіпінен сақтайды.

Мәшһүр ғұлама Имам аш-Шафии: «Қоғамға екі түрлі категориядағы адамдар қажет: ғалымдар — дінді сақтау үшін, дәрігерлер – олардың тәнін (денсаулық) сақтау үшін». Сондай-ақ «Мен халал (рұқсат етілген) мен харам (тыйым салынған) және медицина білімінен басқа ғылымды білмеймін» дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен оның қадірлі жанұясы, әйелдері және сахабалар әрдайым дертке шипа іздеген, емделу жолдарын қарастырып, әрекет қылған. Ол сол уақыттағы атақты, құрамы пайдалы боп саналған нәрсені емделу әдісіне қолдануды кеңес еткен, ақырында ғалымдар оны құптады.

Бал

Алла Тағаланың емделу үшін жаратқан дәрісінің бірі – бал. Құранда былай айтылады :

«(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!», деп нұсқады. (Жаратылыс қабілет берді.)

«Сонсоң әр түрлі өсімдіктен жеде Раббыңның қолайластырған жолына түс!» Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шыгады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін әлбетте ғибрат бар» (16: 68-69).

Бал– қантамырлар жүйесін, ас қорыту, демікпе, асқазанның ойық жарасы сияқты аурулардан сауықтандырып, иммунитетті көтереді.

Қара тмин

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ем қабылдаған кезде қара тмин дәнегін қолданудың пайдалы екендігін айтқан. 1959 жылы халықаралық университеттерде 200-ден астам зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Таңдай қақтырарлық тәжірибе нәтижелері мақала, баяндама түрінде әртүрлі БАҚ салаларында жарияланды. Осылайша, ғылым толығымен қара тминның адамзат өмірінде өте маңызды екенін дәлелдеді. Алайда, оны осыдан 14 ғасыр бұрын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Қара тминмен емделіңдер, ол өлімнен басқа барлық дерттің шипасы!» деп, шипасын айтып кеткені мұсылман әлеміне аян (аль-Бұхари мен Муслим риуаят еткен).

Зәйтүн майы

Алла елшісінің (с.ғ.с) сөзін жеткізуші Саид аль-Ансари былай дейді: «Зәйтүн майын жеңдер, оны денеге жағыңдар, ол қасиетті ағаш» (ат-Тирмизи мен ибн Маджа риуаят еткен).

Зәйтүн майы жүрек қан тамырларының ауруын алдын ала білдіріп, қанның қоюлануына жол бермей, қан тамырларының жүруін тездетіп,  сонымен қатар, қан қысымы көтерілген кезде оны түсіруге септігін тигізіп, семірудің алдын алады. Зәйтүн майын халықтың басым көпшілігі көп қолданатын елде семіру пайызы төмен. Зәйтүн майы ағзадағы бос радикалдардың санын азайтып, рак ауруына жол бермеуде басты рөл атқарады.

Сарымсақ

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) Әли ибн Әбу Тәлібке: «Сарымсақты же, мен періштелермен араласпағанда жейтін едім» деген. Сарымсақтың шипалы екенінде еш талас жоқ. Сарымсақты жеген соң өзіне тән қолайсыз иіс сияқты кемшілігі болса да, ол бактерияға қарсы, діңгене ауруына шипа, сондай-ақ қылтамырларды нығайтудағы өте тиімді табиғи әдіс, әрі ағзаны өте жақсы бейімдейді.

Балық

Алла Тағала біздің назарымызды осы ғұмырдың игілігіне аударады (мағынасы):

«Сендер жас етпен қоректенсін деп, Ол – теңізді сендерге бағындырды».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жәннаттың ең бірінші тағамы киттің бауырының ең жақсы бөлігі» деп айтқан.

Балық майының пайдасы туралы бұрын американдық және еуропалық ғалымдарымен дәлелденген. Сонымен қатар, ғалымдар балық майында  жартылай қанықпаған майлы Омега 3 қышқылының жүрек пен қан тамырларының ауруларына пайдалы екенін анықтаған.

Құрма

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім таңертең жеті құрма жесе, ол күні оған у да, дуалаушылық та зиян келтіре алмайды» деген. Ғалымдар құрманың жаңа ерекшеліктері бұл жидекті азықтың таңдаулы түрі емес, ол бірқатар аурулардың шипасы екендігіне ғылыми тұрғыда көз жеткізген.

Сенна

‘Абдаллы бин Умми Харама Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендерге сеннаны қолданған жөн, өйткені ол удан басқа барлық дерттен шипа». «Ол қандай у?» — деп одан сұрады. «Өлім», — деп оларға жауап қатты (Ибн Маджидың жинағы).

Алое

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алоені емдеу үшін қолдануды буйырып, әсіресе, көз ауруына да шипалы екенін айтты. Алоедан жасалған дәрі-дәрімекті іш аурулары – гастрит, асқазан ойық жарасы және ұлтабар, іш қату кезінде пайдаланылады. Алое шырынын жазылмайтын жара, ойық жара, күйік, терінің сәуледен зақымдануы сияқты тері ауруларын емдеу үшін қолданады.

Зімбір

Зімбір – пайдалы заттардың қайнар көзі. Зімбірдің құрамында феландрин, цинеол (эвкалиптол), эфир майлары, цитрал, борнеол, гингерол (зімбірдің тамырында болады), камфин секілді ағзаға пайдалы компоненттер мен қоса, маңызды аминоқышқылдар: лейзин, фениланин, метионин және т.б. заттар бар.

Денсаулық – баға жетпес байлық, адам үшін асыл зат. Адам өмірінің мән-маңызы да тәннің саулығы мен рухтың тыныштығы екенін ескерсек, әр адам баласы өз денсаулығына жіті көңіл бөлуі керек. Бұл турасында шариғатымыз «Денсаулық – аманат» деп екі ауыз сөзбен түйіндейді. Бұл өмір – сіз бенен бізге берілген аманат. Дана халқымыздың«Бірінші байлық – денсаулық», «Тәні саудың – жаны сау» деген ой орамдары адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік маңызын әлі күнге дейін жойған жоқ. «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деген баба өсиетін келер ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршамыздың борышымыз болып қала бермек.

Гүлшат АБЕНОВА

https://www.muftyat.kz сайтынан

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com