Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Мақалалар / Ғибратнама / Уақыттың қадірін біліп жүрсіз бе?
Уақыттың қадірін біліп жүрсіз бе?

Уақыттың қадірін біліп жүрсіз бе?

Уақыт деген нені білдіреді? Уақыттың негізі мен оған себеп болатын факторлар қандай? Ол өлшеуге болатын нәрсе ме? Оның жылдамдығын азайтуға немесе көбейтуге бола ма? Ислам діні неліктен уақытты соншалықты қадірлейді? Ал, біз уақыттың қадіріне жетіп жүміз бе? Осы секілді сұрақтарға жауап беруге тырысайық…
Уақыт деген не?
Уақыт турасында сөз қозғаған кезде тек қана оның қандай өлшеммен өлшенетіндігін айтумен ғана шектелеміз. Бір сағаттан соң не болады, немесе бес минуттан кейін не істелу керек деген сықылды, белгілі бір өлшемнің аясын ғана сөз етеміз.
Адамзат әрқашанда уақытпен, оның ағысымен, өлшемімен және оның ғылыми сипаттарымен үнемі байланыста екені белгілі. Біз осылардың барлығымен тығыз байланыста болатындығымыз соншалық, уақыт ішінде саяхаттауды армандаймыз, уақыттың салыстырмалы өлшем екендігі және оның бағыты жайлы сөз етеміз.
Уақытқа қатысты көптеген теориялар мен концепциялар бар, сонымен қатар, дін де, философия да және ғылым да уақытты зерттейді. Уақыт экономикалық құндылыққа да ие, сол себепті «Уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған.
Уақыт әлеуметтік және жеке маңызға ие. Біз өз өміріміздегі істерді жүзеге асыру үшін уақыт тұжырымдамасын пайдаланамыз. Ал Ислам дінінде уақыт – ортақ түсінік, себебі мұсылманның бүкіл ғұмыры күнделікті белгіленген уақытта құлшылық етуден құрылған.
Он бірінші ғасырда парсылық дәрігер әрі философ Авиценна физикалық уақыттың бар екеніне күмән келтіріп, уақыт санамыздағы күту мен жадының қызметі нәтижесінде пайда болады деп айтқан. Бірақ, ислам ғұламаларының еңбектерінің нәтижесінде, біз, уақыттың әр бөлшегінде жүріп жатқан жайттардың өзіндік бір хикметтері бар екендігін түсінеміз. Демек, ол сызықтық әрекет, тәжірибемен көрінетін жаратылыс, ал олай болса «әр нәрсенің өз уақыты бар» деген сөз бекер айтылмаған.
Исламдағы уақыттың құндылығы
Уақыттың өзіндік құндылығының бар екендігі тіпті үлкендерге арналған мотиваторлар мен балаларға арналған өлең жолдарында мойындалып жататын байқаймыз. Мәселен,  бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, ол жайлы келесі жылға қалған студенттен сұраңыз. Бір айдың қадірін шала туылған сәбиі бар анадан сұраңыз, ал, бір секунттің қадірін жол апатына ұшыраған адамнан сұраңыз.
Құран мен ардақты пайғамбарымыздың хадистерін зерделей отырып, Ислам дінінің уақытты дүниедегі баға жетпес қазына деп санайтындығын аңғарамыз.  Мұсылман адамға уақыттың қадірін біліп, оны ұтымды пайдалануға кеңес беріледі. Ақылы бар адамзат баласы болғандықтан уақыт мәселесінде өте ыждағаттылық танытып, оны бос өткізуден аулақ болып, екі дүниеге де пайдалы болатындай етіп өткізгені абзал. Себебі, уақыт Алла Тағаланың біздерге берген ұлы сыйы деп түсінуіміз қажет. Сол кезде ғана өмірде небір жетістіктерге жетіп, сәттіліктің не екенін жақсы түсінетін боламыз.
Алла Тағала Қасиетті Құрандағы Асыр сүресінде күннің батып бара жатқан сәтімен ант етеді:
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы зиян ішінде. Тек иман еткендер және соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқаратындардың, сондай-ақ бір-біріне ақиқатты насихаттайтындар және (қайғы­қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай­ақ тура жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін­бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек».
Пайғамбарымыз да күллі мұсылмандарға уақыттың құндылығын білдіріп былай деген:
«Қиямет күні төрт нәрседен сұралмай құлдың аяғы ілгері де, кейін де жылжымайды: Өмірін қалай өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, мал дүниесін қалай тауып, қайда жұмсағандығы, біліміне қалай амал еткендігі».
Сондай-ақ, «Екі нығмет бар, көптеген адамдар бағалай алмай, ол екеуінде алданып қалған. Ол – денсаулық пен бос уақыт» — дейді.
Асыл дініміз  уақыттың ағысы өте жылдам, әрі, бір секунттың өзі ешқашан қайтып келмейтіні жайлы ескертеді. Сонымен қатар, уақыт адам баласының қолындағы баға жетпес байлық. Пенде баласы одан кез-келген уақытта айрылып қалуы мүмкін. Ел аузында «уақыт зымыраған желдей» деген сөздің айтылуы да тегін болмаса керек. Ал, қиямет күні Оның құзырына жиналған кезде біздің бұл дүниде өмір бойы өткізген уақыттарымыздың барлығы да ол жақтағы уақытпен салыстырғанда бір күннен аз болатындығын Алла Тағала Құранда былай баяндайды:
«Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей аз ғана уақыт тұрдық. Алайда, нақты айта алмаймыз, оны уақыттың есебін білетіндерден сұрасаң болар еді»,- деп, жауап береді».
Сіз уақытыңыздың қадірін білесіз бе?
Құрметті оқырман, өзіңізден сұрап көріңізші, уақытыңыздың қадірін білесіз бе? Осы мақаланы толық оқып шығып, оның ішінен өзіңізге жат емес жағдайларды кездестірер болсаңыз, уақытыңызды бағалай білетін жансыз деп айтуға толық негіз бар.
Бойында мынадай қасиеттерді қалыптастырған жан өзінің асыл уақыттарын ешқашан Жаратушыға жақындататын амалдардан басқа бос нәрселерге жұмсамайды. Алтын ғасырда өмір сүрген мұсылмандар уақыттарының әрбір секундін қадірлеп, оны қолдарынан келгенше пайдалы нәрселерге жұмсауға тырысқан.
Ислам уақытты бағалап қана қоймай, оны құрметтеуді де үйретеді. Оны қалай түсінсек болады? Пайғамбарымыз сахабаларына былай деп айтқан:
«Уақытқа тіл тигізбеңдер, себебі, оны да жаратқан Алла Тағала».
Имам Науауи бұл хадисті түсіндіре келе:
««Уақытты жаратқан Алла Тағала» дегеніміз, болуы керек болған оқиғалар мен себептерің барлығын Жаратушы деген сөз» — дейді.
Уақыттың қадірін түсінетін адамдардың екінші белгісі – олар уақытын жүйелеп, шынайы жоспарлар құрады. Сонымен қатар, олар өздерінің барлық істерін құлшылық пен сауапты амалдарға айналдырулары үшін бар күштерін салады. Жаратушы Хақ Тағала Жомарт. Уақыттардың аз ғана бөлігін Алла разылығы үшін жұмсаған кезде ол кісінің уақыттарына Жаратушы Хақ Тағала береке береді.
Алла Тағала мен Оның сүйікті елшісі барша мүміндерге уақытты қадірлеп, оның бағасын білуді бұйырған. Раббымыз біздерге бұл өмірдің өтпелі екендігін, және қай уақытта өтіп кететіндігімізді біле алмайтындығымызды, сол үшін уақыттың қадірін ұғынуымызды ескертеді.
Мұсылман адам ретінде біздер уақыттарымызды бос нәрселерге ысырап етіп алудан аулақ болғанымыз абзал. Оны Алла Тағала бізге сыйға тартқан үлкен нығымет деп білуміз қажет. Бос өтіп кеткен бір сәттің өзін қайтарып алу мүмкін емес екендігіне ой жүгірткендігіміз ләзім. Талқанымыз таусылып, бұл өмірдегі шектеулі ғұмырымыздың соңына жеткен кезде, кері қайту жоқ, тек қана сол уақыттарымыз үшін жауап беруіміз ғана керек болады.
Уақыт расымен де, қымбат!
ДЕРЕККӨЗІOnislam.netIslam story

АУДАРҒАНAzan.kzИслам ақпараттық-ағарту порталы

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com