Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / Тазалық пен тәртіп-тәж-тажалға тосқауыл 
Тазалық пен тәртіп-тәж-тажалға тосқауыл 

Тазалық пен тәртіп-тәж-тажалға тосқауыл 

Шекаралас көршіміз Қытайдан басталып, бүкіл әлемге ауыз салған пандемия қазір де бас қатырып, қабырға қайыстырар мәселеміздің бірі болып отыр. Адамзат  тарихында мұндай ауыр дерт алғаш болды демесек те, әсте тигізіп жатқан кесірі де аз емес. Бүкіл әлем осы ауыр дерттің емін табу үшін күн-түн демей еңбектенуде.

Кез-келген вирус атаулыдан сақтанудың бірден-бір жолы тазалық екенін білеміз. Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Күнделікті тұтынатын тағамы мен киімі, бой-басы, төсек-орны, т.б. қажеттіліктері таза болмаса, адам жаны мазасызданады. Тазалық туралы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Сөзсіз Аллаһ  тәубе  еткендер  мен  тазаланғандарды жақсы  көреді», – деп, тазалықты  мадақтайды.

Ислам діні тазалықты екіге бөліп қарастырады. Ол —  сыртқы тазалық және рухани тазалық. Осы сыртқы тазалықтың өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Мысалы: отырған жердің тазалығы, киімнің тазалығы, дененің тазалығы, ішер астың тазалығы және тағы басқа. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде де тазалықтың маңыздылығын айтып: «Тазалық-иманның жартысы» деген.

Қазіргі кезде теледидар мен әлеуметтік желілерде де жаһанды жаулаған тәж-тажалдан  сақтанудың алғашқы сатысы гигиеналық тазалық екенін сәт сайын ескертуде. Егер вирустан сақтануда қол жуу жеткіліксіз болса түрлі антисептикалық сұйықтықтарды да қолдануға болады. Алайда, антисептиктің құрамында  спирт болуы  мұсылман қауымы арасында сұрақ тудырған жағдайы бар. Бұл сұраққа «ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі» былай деп жауап берді: Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың көзқарасы бойынша жүзім және құрмадан басқа өнімдерден жасалған спиртті антисептик мақсатында қолдануға рұқсат етіледі. Ал қазіргі медициналық спирттер жүзім және құрмадан алынбайтыны белгілі.

Антисептик мақсатында қолданылатын сұйықтық-медициналық спирт нәжіс болып есептелмейтін болғандықтан, харам нәрсенің бәрі нәжіс бола бермейді. Мысалы, есірткі мен удың үкімі-харам, бірақ өзі таза. Құрамында спирті бар иіссулар, спирт араласқан сұйық заттар денеге, киімге тисе нәжіс болмайды, тиген жерін жуу да міндетті емес.

Арнайы антисептик заттар немесе медициналық спирт табылмаса, зәрулік үкімді негізге ала отырып, спирттік ішімдіктерді де антисептик мақсатында қолдануға шариғат рұқсат етеді. Бірақ ол нәжіс болғандықтан намаз оқығанда спирттік ішімдік тиген жерді жуып тастау шарт.

Аталған сақтық шараларын орындау аса бір күш пен уақытты қажет етпейтіндігін ескеріп, еліміздің есендігі үшін дұға етуді де естен шығармаған жөн.   Дұға да дәрі сияқты. Алла Тағала қаласа, әсер етеді. Аурудан сақтаушы, дертке шипа беруші – бір Алла. Дәрігерлердің ұстазы атанған Ибн Сина (Авицена): Үрей-дерттің жартысы, байсалдылық-денсаулықтың жартысы,  сабыр-сауығудың басы»,- деген. Сондықтан үрейленіп індетке әлсіздік көрсетпей, сабыр сақтап, қолымыздан келгенше сақтық шараларын жасап, тәртіпке бойұсынып, ықыласпен дұғада болайық.

 

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының

теолог маманы                                                Данаева Назгүл Медерқызы

 

 

 

 

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com