Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / Исламдағы ажырасу және талақ мәселесі
Исламдағы ажырасу және талақ мәселесі

Исламдағы ажырасу және талақ мәселесі

Отбасы – ол бір тұтас елді қалыптастыруға бағытталған шағын мемлекет деп те айтсақ болады. Оның іргесін құруда бауырмалдылық, сүйіспеншілік және өзара түсіністік арқылы қалыптасқаны жөн. Сонда ғана отбасының іргесі берік болмақ. Кейде жанұя шаттықтан көрі қайғыға, бақыттан көрі қасіретке ұшырасып жатқанын көріп жатамыз. Бұндай жағдайда ерлі–зайыптылар арасында туындаған мәселені анықтап, оны оңтайлы шешуге тырысу керек. Егер де ол нәрсе шешімін таппайтын болса, ерлі-зайыптылар жақсылықпен ажырасады. Дегенмен дінімізде себепсізден — себепсіз ажырасу құпталмайтынын айта кету керек. Бұл шешім, ерлі-зайыптылар арасында қолданылатын ең соңғы шешім болуы керек. Одан бұрын екіара болған мәселені анықтап, оның шешімін қарастыру керек. Жалпы ала-сала ажырасу ол — дінімізде де, салт-дәстүрімізде де  жақсы қарайтын нәрсе емес. Ардақты елшіміз Мұхаммед Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Рұқсат берілгендердің ішіндегі Аллаға ең ұнамсызы ол –талақ» — дей отырып, жөнсіз ажыраспауға үндеп отыр.

Елімізде жанұялардың ажырасуы қазіргі кезде өте қауіпті жағдайда тұр десек болады. Халықтың табиғи қозғалысы туралы статистикалық мәлімдеме жарияланғандағы көрсеткіш, бір жылда шамамен 137 мың адам некесін қиып отбасы құратын болса, оның 54 797–сі ажырасу көрсеткіші болып көрінді. Бұл жалпы үмбеттің, халықтың ауыр проблемасына айналды. Адамдар иә, әртүрлі болып келетіні рас. Ажырасудағы мәселелер де әр алуан болатыны да белгілі. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үйленіңдер, көбейіңдер, қиямет күні мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын» — деп, біздерге үйленуді өзінің жолы, сүннеті ретінде қалдырып кеткен еді. Жалпы отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс.

Некені бұзатын сөзі араб тілінде «талақ»- деп, айтылады. Талақ сөзі-тастау, ажырасу деген мағыналарды қамтиды.  Некені бұзатын сөздер шариғатта екі түрлі болып келеді:

Біріншісі: Ашық әрі түсінікті түрде айтылатын сөздермен айту. Бұл категорияға кіретін «талақ» сөзі және әр елдің ана тіліндегі тек «талақ» мағынасына келетін сөздерді де осы топқа кіргіземіз. Біздің тілде некені бұзу сөзі көбіне «ажырасу» мағынасында қолданады. Яғни әйелімен «мен сенімен ажырастым» — деп, ашық түрде және өткен шақта айтатын болса, бір талақ болып саналады. Ол жерде ниет қарастырылмайды, яғни қай ниетпен айтылса да, ерлі-зайыптылар арасында бірінші ажырасу үкімі орын алады. Бұл жағдайда әйелі ерінің алдындағы некелік міндеттерінен босатылады және ерінен алған барлық мүліктері жұбайына қалады, бірақ ері шартты уақыт біткенге дейін әйелін, бала – шағасын асырауға міндетті болып саналады. Бұл жердегі шартты уақыт дегеніміз, әйел адамның үш хайыз (етеккір) көрудегі уақыт, яғни осы кезде екеуі де әлі толығымен ажыраспаған, бірақ осы уақыттың ішінде қайта қосылуға мүмкіншілік берілген уақыт.Ал егер, үш айдың ішінде татуласпаса, ажырасу процесі толығымен орындалды деген сөз. Ер адамға ажырасу үшін «талақ» сөзін бір рет айтса да жеткілікті болады.

Ал егер де, ері тарапынан осылайша үш талақ айтылатын болса, ол кезде қайта қосылулары үшін басқа біреумен неке қиып және онымен ажырасып кері қосылу шарты болады. Сондықтан, бұндай келеңсіз жағдайға түспес үшін, ажырасу кезінде бір «талақ» сөзімен шектелгені абзалырақ болады. Өйткені, кейде ажырасқан жұп арада біраз уақыт өткеннен кейін, қайта қосылуға ниетін білдіріп жатады, сол уақытта ажырасқандар қайта некелерін қиып, қосыла алады.

Екіншісі: Ауыспалы мағыналы сөздермен айту (әл-киная). Ажырасу мағынасында да, өзге мағынада да қолданылуы мүмкін сөздер осы топқа жатады. Мысалы: «үйіңе кет», «көргім келмейді», «киіміңді жина» сияқты астарында нені мақсат етіп тұрғандары белгісіз сөздерді айтқан адамдардың ниеті қарастырылады. Егер ниеті ажырасу болса, некелері бұзылады. Ал, ондай ниеті жоқ болса некелері бұзылмайды. Бұндай жағдайда да ері талақ айтып, ажырасып кері қосылып, үш рет бұндай жағдай қайталанатын болса, ол үшін  Аллаһ Тағала аят түсірді: «Егер (үшіншісінде) талақ еткен болса, басқа ерге тұрмысқа шықпайынша (және кейін одан ажыраспайынша), оған ол әйел адал емес»

Қорыта айтқанда, дінімізде талақ ету құқығы – тікелей отағасына байланысты, әйел адам кей жағдайларда ғана ажырасуды талап етуге құқылы болғанымен, оған талақ ету мүмкіндігі берілмеген. Бұл-әйел адамның табиғатының сезімталдылығы мен әлсіздігін ескергендігінен болса керек. Бірақ, бұл ажырасу деген жоғарыда айтқандай ең соңғы шешім болуы керек. Өйткені ол оңай қабылдап қоятын шешім емес, ерлі–зайыптылар арасындағы бала-шаға сол үшін зардап шегуі әбден мүмкін. Ажыраспаудың барлық жолдарын қарап, барынша амал табуын қажет.

 

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Тұрарбеков Абзал

 

 

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com