Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Медиа / Видео / Әжемнің әңгімесі
Әжемнің әңгімесі

Әжемнің әңгімесі

Әжем, ақырындап өз бөлмесінен шығып, қонақ бөлмеге кіріп келе жатты. Қонақ бөлмеде немересі мен келінінің дауыстары шығып тұрған еді:

Келіні:

-Балам, дастарханға отыр, сорпаңды құйып қойдым, суытпай ішіп ал!

Қонақ бөлменің бір бұрышындағы өзінің ауылдан алып келген көрпесінің үстіне отырған әжесін көрген немересі:

-Әже, кел бірге тамақ жейміз! — деді.

Қарт апа бір күрсініп алып:

«Үйдің отағасы келмей тұрып дастарханға отыруға болмайды. Әкеңіз келсін, бірге жейміз, бұйырса!».

Келіні:

«-Ойбаай, апа! Бұл әдеттердің заманы өтті, ескірді. Қазіргілер кім аш болса дастарханға отырады, балаңыз келіп өзі жей береді» — деді.

«-Қызым, адамдардың өз әдебі секілді үйдің де өз әдебі, заңдары бар».

Немересі шыдай алмай, сөзге араласып: «Ой, әже, не ол үйдің әдебі?!» — деді.

Қарт апа былай деді:

« — Біз кішкентай кезімізде әкеміздің алдында дұрыс отыруды үйренетін едік. Үйде ата–анамыздың алдында аяғымызды созып отырмайтынбыз, үлкендеріміз сөйлесіп отырғанда олар рұқсат бермегенше сөзге араласпайтынбыз. Бөлмеге үлкендеріміз келгенде тұрағалып орын беретінбіз. Әкеміз дастарханға отырмай тұрып біз ешқашан отырмайтын едік. Әкеміз келіп: «Бисмилләһи, ал келіңдер!» деп айтатын. Барлығымыз жүгіріп келіп отыра қалар едік. Соңында дастарханға бата оқылатын. Отбасымен жеген тамақтан дәмді тамақ болама, құлыным! Бұл дастархан әдебі!»

Немересі:

«-Ой, әже, бұлардан стресс болмайсыз ба?!» — деді.

«-Жоооқ, құлыным! Біздің заманымызда құрмет болған жерде махаббат бірге жүретін. Махаббат болған жерде қайдан стресс болсын. Тамақтар дәмді, ұйқымыз тыныш. Білесің бе, мен стресс деген сөзді осында, қалаға келіп үйрендім.

Біздің ауылымызда ақылында кемістігі бар бір бала болатын. Бәрі оны «Жынды, Ибрахим» дейтін. Ол кезде сол жынды Ибрахимде стрессіз, бақытты болатын. Кешке дейін көшеде балалармен ойнайтын, қарны ашса бір есікті қағатын. Қай есікті қақса да, оны үй иелері тойғызып жіберетін еді. Шашы өсіп кетсе шаштараз шашын қиып қоятын. Хамамшы оны шомылдырып тұратын. Жұма күндері ауыл кісілері оның қолынан ұстап, намазға апаратын. Ешкім оны кемсітпейтін.

Қазір ешқандай нәрсеге құрмет қалмады. Қарашы, үйлерге де құрмет жоқ! Кеш болса да перделер жабылмаған, барлық үйлердің үй іші көрініп тұр, бірақ ешкім ұялмайды.

Біз кеш батпай тұрып, перделерді жауып, жарықтарды қосатын едік. Перде жабық болса да үстімізді ауыстыруға ұялып, жерге шөгіп ауыстыратын едік. Сырттан көлеңкеміз көрініуін ойлап ұялатын едік.»

Осы кезде беті қызарған келіні ақырындап тұрып перделерді жапты.

« -Үйдің әдебі пердесінің жабылып жабылмағанынан белгілі болады!, дейтін еді үлкендеріміз» -деді әжем.

«Үйдің алдына ешкім іш киімдерін асып қоймайтын, көршілерден ұялатын еді. Мен кішкентай кезімде шалбарымды үйдің алдына іліп қойған едім, анам келіп «-Қызым, әкең бүгін аулыға шыққан кезде сенің шалбарың ілулі тұрған, қалай ұялғанымды білсең ғой. Екінші рет ортаға ілме, үйдің артына іл, үстінен жұқа мата іліп қой.» — деді. Мен ол кезде 12 жаста едім. Анам бұны маған сөйлеген кезде жер жарылып жерге кіріп кетсем екен деп тұрдым ұялғанымнан. Қазір қалай? Өткенде таза ауа жұтайын  деп балконға шығып едім, қарсыдағы көршіміз барлық кірлерін асып қойыпты, ұялғанымнан ішке кіріп кеттім.

Бүгін тамақтар сыртта желінетін болды, «көз құрметі» деген болады, оны ешкім ойламайды. Біз базардан сатып алғанымызды әдемі пәкетпен үйге алып келіп, сонымен дәмді тамақ жасайтын едік. Көзге құрмет жасауымыз керек, қызғаныш болады… Ол тамақты алуға ақшасы жетпейтіндер де бар, соларға құрмет көрсетуіміз керек.

Үйдің тағы бір әдебі бар, ең маңыздысы да осы…

Үйдегі жағдайлар ешқашан сыртқа шығарылмайды: жегеніміз, ішкеніміз, әңгімелер, ұрыстар… Бұл да үйдің бір әдебі, ешкімге айтылмайды. Сол үшін үй ішіндегі мәселелер оңай шешіледі. Пайғамбарымыз да, әсіресе әйелімен күйеуі арасындағы әңгімелер ешкімге айтылмайды, бұл күнә болып табылады деген хадистер айтқан, солай емес па «Ләйлам!» деді келініне…

Лейла ұялыңқырап:

«-Иә анашым!» — деді ақырын дауыспен.

Немересі:

«-Әже, қазір фейсбук деген нәрсе бар, адамдар ресторанда отырғанын, не жегенін суретке түсіріп мыңдаған адамға көрсетеді!».

«-Ойбүүүй… Адам жегенін айтама?»

«-Әрине, әже, әр нәрсенің фотосуреті бар. Қыдырған жерлері, не жегенін, не кигенін, жұбайлары алған гүлдердің үстіне жазылған тілектердің де фотосуреті бар».

«-Құлыныыым — ау, сен не айтып отырсың? Ақыр заман жақындап қалды ма? Үйлер тыр жалаңыш қалды ма?» деп көз жасқа толып, әңгімесін жалғастырды:

« -Біз отағамыздың алдында бірге жүруге ұялатын едік, жесірлер бар, тұрмыс құралмайтын қыздар бар. Олардың көңілдерін жаралағымыз келмейтін. Отағамыздан бір қадам артта жүретінбіз.

Қәзір болса көшеде ұрысып тұрады, сүйісіп тұрады жастар…

Әрине, ар-ұят болмаған жерде мейірім де қалмайды. Үлкендерімізге құрмет етсек бұл үйіміздің берекеті болатын. Үйдің ұяты жабылған перделер болатын.  Ал Махабаттың ұяты жасырыну. Көздің ұяты көзде. Дененің ұяты жабық киімдер. Ұялу, ар намыс иманнан келетін нәрселер.

Келіні:

«-Дұрыс айтасыз, анашым. Біз ар – намысымызды ұмыттық» деді.

Немересі қасығын ақырындап қойып:

«-Мен әкем келгенде тамақ жеймін, анашым!» деді.

Әжесі айтқан сөздерінің келіні мен немересіне әсер еткенін байқап «Құдайға шүкір»- деді.

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com