Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / «Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында бір айлық курстың алтыншы сабағы өтті
«Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында бір айлық курстың алтыншы сабағы өтті

«Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында бір айлық курстың алтыншы сабағы өтті

«Қыз тәрбиесі – Ұлт болашағы» тақырыбында бір айлық курстың алтыншы сабағы 6 қараша күні «Жас келінге — өсиет» тақырыбында өтті. Сабақта «Келін болуға дайындық», «Келін әдебі мен міндеттері», «Келіні жақсының керегесі алтын» тақырыптары ашықталды. Сабақты «Әжелер» тобының мүшесі Капашева Айгүл әжеміз бастап, Қазақтың келіні қандай болу керек? Көненің көзін сақтай білу, Келінің міндеттеріне тоқталып өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақты одан әрі қарай «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Данаева Назгүл Медерқызы Қазақ келіндерінің әдебіне тоқталды, олар: Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды; Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды; Келіндер қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған; Ақсақал, ата-ене, қайнаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді т.б. сонымен қатар Жас келінге арналған 15 кеңесті: Сыйлы болыңыз, сыйлай біліңіз!, Қадірлі болыңыз!, Жиі дұға етіңіз!, Күйеуіңізді құрметтеңіз!, Жарыңыздың тілін табыңыз!, Шүкіршілік етіңіз!, Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!, Үй шаруасына ұқыпты болыңыз!, Енеңізге қарсы сөйлемеңіз!, Бәрін бірдей қабылдаңыз!, Бос уақытыңызды жарыңызға жұмсаңыз!, Күлімсіреп жүріңіз!, Кешірімді болыңыз!, Тату болыңыз!, Ақылды бола біліңіз!- деп әр кеңесті ашықтап жеткізді. Қатысушылыар тарапы өз ризашылықтарын білдірді.

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com