Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / Жат ағымнан сақ болайық!
Жат ағымнан сақ болайық!

Жат ағымнан сақ болайық!

Қазіргі заманда адамзат болсын, технология, ғылым — білім болсын дамыған кезеңде дінге байланысты көптеген түсінпеушіліктер мен адасушылықтар барын барлығымыз көрудеміз. Ол әрине біріншіден отбасылық тәлім — тәрбиеден, екіншіден білімсіздікпен және соқыр еруден бастау алады. Не үшін тәлім — тәрбиеден, отбасыдан басталады деп жатырмыз? Себебі ата — ана баласына көп нәрсені үйретіп, балада ата — анадан көрген, білген, түйген нәрселерін істейтін болады. Қазақта сөз бар, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» — дейді. Сол секілді дінненде бірер мағлұматты жеткізіп отырса, ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймыз. Әрбір бала  есейіп, оқу орындарына баруы мүмкін, сол кезде жас буын діннен дұрыс пен бұрыс жолды ажырата білсе, бұның өзі қоғамға үлкен пайдасын алып келері сөзсіз.

Біз білеміз Абай Құнанбайұлы жеті жыл бойы медреседе дінді, шариғат ілімдерін оқыған.Ұстаздан бұрын Құнанбай әкесінен тәрбие көрген, кейін молдадан сабақ алып өз білімін, ой өрісін шыңдаған болатын. Ал бізде, қазірге кезде қалай? Баз біреулер интернеттен әр нәрсені оқып немесе тыңдап алады да өздігінен дін атынан сөйлеп жатады. Қандай нәрсе болсада, әр адам өз кәсібі, мамандығы бойынша сөйлеуі керек. Әл Фараби атамыз айтпақшы «Тәрбиесіз алынған білім, адамзаттың қас жауы» деп қысқа да нұсқа дәл айтып кеткен болатын.Неігізінен түркі тілдес орта Азия аумағында шариғат білімдерін берген уақытында, ең алдымен әдеп, мәдениеттілік, тазалық, қазіргі тілмен айтқанда этика – эстетиканы үйрететін болған. Содан кейін ғана барып шариғи білімдерге көңіл бөлінеді.

Кейбір адамдардың шариғатты қатты ұстанамын деп шектен шығып, кейбіреулері шариғат жеңіл түрде түскен деп, тым күнәға бейімделіп жатырғанын байқаймыз. Бірақ біз Пайғамбар (с.а.с) сөзіненде, қазақ ойшылдарының сөзіненде мына бір нәрсені байқаймыз. «Көштің алды болма көзі тиеді, соңы болма сөзі тиеді» деп тоқ етерін айтса болады. Қандай жағдай болмасын адам баласы байлықтада, қоғамдада, тіпті шариғатта болсын орта жолды ұстану қажет. Осыған байланысты соқыр еру түсінігі бар, яғни фанатизм деп жатамыз, бұл нәрсе дін ұстанып жүрген адамдардың арасында жие байқалып жатады. Оны шариғатта «Тақлид» деп атайды. Белгілі бір адамды ұстап алып, ол не десе соның барлығын орындап қате, дұрыстығына назар салып, ой жүгіртпейтін адамдарды айтады. Ондай түсінік қате болып есептеледі. Керісінше Алла Тағала құранда: ойланбайсыңдарма, көз жүгіртпейсіңдер ме, ақылға салмайсыңдар ма деген аяттарды көп келтіреді.

Қандай да бір адам  болсын, қазіргі заманда жан – жақты болуы керек. Тіпті керек болса саясат, әлеуметтану, психология, экономика және діннен де хабардар болуы керек. Жастар арасында көптеген қате түсініктер, ұстанымдар бар. Оның бастау алып, елге кіргенінеде аса бір көп уақыт болмасада, өз идеологияларын жастарға сіңіріп кеткен болатын. Ол бір дерт десекте әбден келеді, бірақ ол дерттің емі бар ма қалайша одан айығамыз, десек. Ең алдымен айтқанымыздай отбасыда балаға тәлім – тәрбие берілуі керек және діни білімді арттыру қажет.

 

 

«Аманат-Жайық» қоғамдық

қорының теолог маманы:                                      Абзал Тұрарбеков

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com