Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут pechenka.online
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Мақалалар / Әйел және отбасы / Қазақы тәлім-тәрбие
Қазақы тәлім-тәрбие

Қазақы тәлім-тәрбие

«Тәрбие» сөзін естігенде кез-келген қазақтың көз алдына немересімен қозы-лақ бағып жүрген қария немесе ұршық иіріп отырған әже елестейтіні анық. Бұл әрине ілгеріде орын алған көріністер. Ертеректе ата-әжелер немерелерін той-жиындарға ертіп апаратын. Ол жерде үлкендердің ұлағатты сөздерін, қиссалар тыңдап есейе келе алғыр да зерек болып бір руды басқаратындай дәрежеге жететін. Не болмаса әкелері ұлдарын аң аулауға алып шығып мергендік өнеріне баулып, солай өз ұрпағының бойынан ержүректік қасиетін оятатын. Ал қазір ше?

Қазір бұл үрдіс жоқтың қасы деуге болады. Ата мен баланың арасындағы байланыс үзіліп бара жатқандай. Еңбектеген сәбиден, еңкейген кәріге дейін барлығымыздың қолымызда бір-бір ұялы телефон. Ол телефонның ішінде адамға пайдалысы да бар зияндысы да бар. Қазақы тәрбиенің бүгінгі көрінісі туралы аз айтылып, аз жазылған жоқ. Тек соны естір құлақ болса. Садақа-жиындарда үлкендер бір бөлмеге кіріп алып карта ойнап отыратындарын да көзіміз көріп жүр. Бұл аға буын өкілдеріне сай қылық емес. Қасиетті Ислам дінінде Пайғамбарымыздан (с.а.у) ата-ананың маңызы туралы бірнеше хадис келеді. Біздердің ата-бабаларымыз да «қарты бар елдің қазынасы бар» деген сияқты ұлағатты сөздермен алдыңғы буын өкілдерінің рөлін айқындап кеткен. Біздің бүгінгі қарттарымызға дін, имандылық туралы сөз қозғалса: — Біз комнистік тәрбиені көрдік. Енді болашақ сендерде,- деп басын алып қашатындай. Бір жағынан ол да дұрыс болар. Расымен де қылышынан қан тамған, айдаһардай ақырған кеңес үкіметінің атеистік идеологиясы ата-әжелеріміздің санасында өз ізін қалдырмауы мүмкін емес. Бірақ сол саясаттан арылып, тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл 30 жыл болды ғой?! 30 жыл уақыт деген ата дәстүрімізге қайта қауышу үшін аз уақыт болмаса керек.

Қазақта «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген керемет сөз бар. Бүгінгі қоғамда орын алып отырған жастардың теріс діни ағымға түсіп кетуі, ерте жүктілік, түрлі жаман дүниелерге әуестік сол отбасы институтының дұрыс, жүйелі түрде жұмыс жасамағандығынан болса керек. Ойымды қорытындылай келе әркім өзі тәрбиелеп отырған ұл-қызын қоғамға, ересек өмірге аяқ бастырмас бұрын өзінен: «соның қылықтарына толық жауап бере аламын ба?» деп сұраса деймін.

 

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Адайхан Бағдат

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com