Заңды сақтау –басты міндет

Заңды сақтау –басты міндет

Заң бәріне ортақ. Адамдардың ұлтына, тегіне, дініне қарамайды. Заң бәріне бірдей үкім шығарады. Ел батыры Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құлболмайды»деп айтқан сөзіне қарасақ, заңды айтып жатқанын түсінеміз. Сондықтан елімізде заң болмаса тәртіп болмайды, тәртіп болмаса ел болмайтыны айдан анық.

Конституция бойынша зайырлы мемлекет бола отырып, Қазақстан барлық діни конфессиялардың еркін дамуына кепілдік береді және республиканың діни сенім бостандығына құқықтарды сақтау саласындағы қолданыстағы нормалары мен халықаралық міндеттемелерінің құқықтық қолданылуында тәжірибесі мол.

Қазақстанда18 діни конфессияны қамтитын 3824 діни бірлестік тіркелген:2686-исламдық, 344-православиелік, 88-католиктік, 592-протестанттық, 24-жаңаапостолдық, 12 – Кришна санасы қоғамы, 7-иудаизмдік, 6-бахаилік, 2-буддистік, 2 соңғы күнгі Иса Мәсіхтің шіркеуі (мармондар), 1-муниттік діни бірлестіктер. Олардың барлығытатулық пен келісімде өмір сүруде.

Біздің халқының көп бөлігі исламның сунниттік бағытын-Ханафи мәзхабын ұстанады. Елімізде дәстүрлі деп саналатын мәзхаб құрушысы Әбу Ханифа Исламның мүжтаһид* ғалымы бола тұра үкім шығаруда Құран, хадис, ижмағ*, қияс* сонымен қоса «Истихсан*» және «урф*» дәлел ретінде үкім шығарған. Оның атақты екі шәкіртінің біреуі Әбу Юсуф «қазылардың атасы» деген атпен танылған.

Осы мәзхабтың пәтуаларын Орта Азия, Туркия және т.б. араб мемлекеттеріде қолданады. Мәселен,Мысыр Араб Республикасында шафиғи мазхабымен жүргенімен,ханафи мазхабымен пәтуа беріп отырады.

Әділетті халифалардың бірі Осман ибн Аффан (р.а): «Расында Алла Құранға бағынбағандарды, билікпен (басшы) арқылы бағындырады»,- деген. Демек, иманы әлсіз болғандар, ұрлық, зина жасау, кісі ақысы деген сияқты көптеген Құранда тыйым салған нәрселерден бас тартпағандарды заң арқылы тыйып отырған.

Алғашқы мұсылмандар Алла Елшісімен (с.а.с) бірге һижрет* жасап, Меккеден Мадина қаласына барған болатын. Сол барған сапарында-ақ бірден «Сахифатул Мадина» (Мадиналық конституция) — деп аталып, 47 бөліктен тұратын Меккеден көшіп барған «Муһажирлер» мен оларды үлкен құрметпен күтіп алған Мадиналық «Ансарлар» және Яхудилер арасындағы ортақ заңдарды қабылдағанын білеміз. Одан кейінде осындай бірнешезаңдар қабылданған.

Ислам діни заңға бағынушылыққа шақырады. Құран Кәрімнің 4-ші сүресінің 59-шы аятында: «Әй, мүміндер, Аллаға бой ұсыныңдар! Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар», – делінген. Қазақстанда мемлекет дінді ұстанатын немесе ұстанбайтын азаматтардың және діни бірлестіктердің арасында өзара төзімділік қатынастарын орнатуға мүмкіндік туғызады. Осы орайда, діни сенім еркіндігі құқығын жүзеге асыру азаматтардың мемлекет алдындағы жалпы азаматтық құқықтар мен міндеттерін шектемеуі тиіс.

Қорыта айтқанда, заң қағидалары азаматтарға ар-ождан және діни сенім бостандығын берумен қатар, мемлекет алдындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді қоса жүктейтінін естен шығармаған абзал.

Көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіздік тұғыры асқақтай берсін деп тілеймін!

 

1*Құран-Кәрімнен, Пайғамбарымыздың с.а.у. сүннетінен және Ислам шариғатында бекітілген негізде ережелерден шықпай, сол мәселенің негізгі үкімін таба білу үшін күш-қайратын, білімін, біліктілігін шариғат шегінен ауфтқымай дербес үкім шығара алатын адам.

2*араб тілінде жеке адамға қолданғанда, бір нәрсені жасауға шешім қабылдау, ал бір топ кісіге қолданғанда, ортақ көзқарасқа келу, яғни әртүрлі адамдардың бір мәселе төңірегіндегі көзқарастарының бір нүктеге шоғырлануы

3*Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша үкім әдісі

4*араб тілінен аударғанда жуық мағынасы «бір нәрсені құптау», ол нәрсені дұрыс деп қабылдауға мағынасы жақын, бірақ бұл құпталатын нәрсенің дәлелі болмауы мүмкін

5*әдеп-ғұрыптар

6*көшіп-қону, қоныс аудару

 

 

 

А.Раманкулов,

«Аманат-Жайық» қоғамдық

 қорының теолог маманы

http://srealt.comhttp://otellook.com