Зайырлылық ұғымының мәні мен маңызы

БҚО дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде 2019 жылдың қыркүйек айының 27 күні «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры, Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Садиев Амантай Абдилдаевич және Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамы Хусаинов Алтынбек Салимгеервич обылыстық теолог мамандармен жалпы кездесу өткізді. Қала мешіттерінің имамдары, ер және әйел теолог мамндармен жүздесіп, оларға мемлекет пен діннің арақатынасы, зайырлылық ұғымының мәні мен маңызы туралы түсіндіріп берді. Сондай-ақ мешіт имамдарының жауапкершілік қызметін арттыру, этикалық ұстанымын айқындау және тұлғалық келбетін қалыптастыру; мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру сынды мәселелер тілге тиек етілді.
Дін мәселелерін зерттеу орталығының конференц залында имамдар қатысуымен өткен басқосуға БҚО ДІБ (2 теолог маман), Дін мәселелерін зерттеу орталығы (6 теолог, 2 дін танушы, 2 психолог маман), обылыстық мешіт (8 имам), Бәйтерек ауданы (1 теолог маман), Теректі (1теолог маман), Тасқала ауданы (1 теолог маман) қатысты.

http://srealt.comhttp://otellook.com