Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru
Home / Жаңалықтар / Ораза ұстаушыларға арналған кеңестер
Ораза ұстаушыларға арналған кеңестер

Ораза ұстаушыларға арналған кеңестер

Қасиетті Рамазан айына санаулы уақыт қалды. Бұл ай не үшін қасиетті? Алдымен осы сұраққа жауап іздеп көрелік. Сұрақтың жауабын табу үшін Жаратушының кітабына үңілеміз. Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстасын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» делінген. Демек, Рамазан айы Ұлы кітап — Құран түскендігі үшін қасиетті.

Ал енді не үшін бұл айда ораза ұстаймыз? Бұл сұрақтың жауабын «Бақара» сүресінің 183-аятынан табамыз: «Әй, мүміндер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза парыз етілді» делінеді. Яғни, Рамазан айында ораза ұстауымыздың себебі аяттан көріп тұрғанымыздай, Алланың бұйрығына бағынып, арамнан қашатын тақуа құлдарынан болуымыз үшін қажет.

Рамазан айында ораза ұстаушы жан Раббысынан өлшеусіз сый алады. Бұл турасында құдси-хадіс бар. Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен де артық» дейді.

Бұл ай — айлардың ішіндегі мәртебесі жоғары ай. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари). Сондықтан Рамазан — мейірім айы. Берекеге толы ай. Себебі осы айда жасаған игі амалдардың сауабы көбейеді. Игі амалға кез келген жақсы амал жатады. Мысалы: адамдарға жақсы сөз айту, үлкен кісіге құрметтеп, автобуста орын беру, анаңа сыйлық әперу, намаз оқу, Пайғамбарымызға (сас) салауат айту деген сияқтылар. Жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ. Сондықтан бізге елеусіз көрінген қарапайым ғана жақсы амалдарды Алланың разылығын алуды көксеп жасайтын болсақ, арғы дүниемізге  қам жасаған боламыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Егер адам баласы рамазан айының не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан-аяқ Рамазан болуын қалар

 

 

еді» деген.

Жаратушысына шынайы түрде иман келтірген жан үшін ораза тек тәннің ғана оразасы болмаса керек. Бұл – күнәға түсер көздің, қаңқу сөз бен жалаға жақын, ғайбатқа икем тіл мен құлақтың, яки бүкіл он екі мүшеміздің оразасы. Күнәлі әрекеттерден  ешқандай тыйылмаған адамның оразасы жөнінде ардақты елші (с.ғ.с): «Оның оразасынан аштықтан өзге ешнәрсе бұйырмауы мүмкін» деп сипаттайды.

Төменде оразаны алғаш ұстаушы жандарға кеңестер ұсынамыз. Айта кету керек, бұл кеңестер бірнеше жыл қатарынан ораза ұстап жүрген кісілер үшін де пайдалы болмақ.

 

  1. Ниетіңізді жаңартыңыз. Оразаны тек Алланың разылығын, сауабын алу үшін ұстауды мақсат етіңіз. Қызылды-жасылды дүниенің ешбірі Алла разы болғанда берер сыйына тең келмес.
  2. Ішіп-жемнен тиылдыңыз. Тамаша! Енді жоғарыдағы хадисті еске алыңыз. Денеңіздің басқа мүшелерін көз, құлақ және қолыңызды жаман әрекеттен тиюға барынша тырысыңыз.
  3. Тәніңізден көрі рухыңызды азықтандыруға көбірек көңіл бөліңіз. Ол үшін діни біліміңізді көтеруге септігі тиетін кітаптар, Ютубтан пайдалы подкасттар мен видео-сабақтарды көрсеңіз болады. Рамазан құлшылық айы болғандықтан, басқа еш нәрсеге алаңдамау керек. Сол үшін жаздық кезекті еңбек демалысын осы Рамазан айына туралап алуға тырысу және жаз мезгілі құрылыс жұмыстары, т.б. жұмыстардың қызатын кезі болғандықтан, ондай жұмыстарды алдын-ала істеп немесе кейінге қалдырған жөн. Себебі, “Ақыреттік істерге көбірек көңіл бөлген адамға Алланың өзі бұл дүниелік істеріне жеңілдігін жасап қояды” дейді ғалымдар.
  4. Берекелі уақыттарды берекесіз істерге айырбастамаңыз. Әлеуметтік желідегі толассыз ақпараттармен миыңызды шаршатпаңыз. Пайдалы ақпарат дегеннің өзінде ми әр ақпаратқа көңіл бөледі. Оны қорытуға күш жұмсайды. Сондықтан ораза кезінде күшім көп болсын десеңіз, әлеуметтік желіні уақытша өшіруге кеңес береміз.
  5. Көп дұға жасаңыз. Армандарыңыз бар ма? Оған жеткізетін бір Алла. Сондықтан кез келген мақсаттарыңызды, ойларыңызды Аллаға айтып, мықты байланыс орнатыңыз.
  6. Дене қозғалысына мән беріңіз. Адам тамақ ішпегеннен кейін қан айналымы баяулайды. Сондықтан әсіресе ораза кезінде көбірек қимылдау қажет. Ауыз ашардан бір сағат бұрын жаттығулар жасау- ең тиімді жол.
  7. Дене тазалығын сақтауды естен шығармаңыз. Өзіңізге жеңіл болу үшін ыстықта салқын су құйынып, денені салқындатып алыңыз. Пайғамбарымыздың (Оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Алла

 

 

(оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын) шыжыған ыстықтан құтылу мақсатымен басына су құятын», — деп айтылған. (Әбу Дәуд 2365, Ахмад 4/63)

  1. Сәресін ішуді жіберіп алмауға тырысу. Себебі, сәресін ішпеген адам, оразасын онан ары жалғастыруға мәжбүр болады. Ал, мұндай жағдай ораза ұстаушыға ауыр тиері анық. Ол үшін күндіз уақыт тауып тынығып алған және шұғыл жұмыстарды түске дейін бітіргені жөн.
  2. Осы айда көбірек садақа беріңіз. Ибн Аббас (р.а) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) ең жомарт адам еді. Ал, Рамазан айы кезінде ең көп жомарттық танытатын еді» делінген. Сондықтан өзіңіздің нәпсіңізге ауыр келмейтін қаржыны садақа қылып отырыңыз. Қазір біздің қоғамда мұқтаж жандарды табу қиын емес. Жақсылық жасауға мүмкіндік көп. Сол мүмкіндікті осы айда барынша пайдаланыңыз. Әбу Мұса Әл-Ашғари (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) садақа жайында былай дегенін келтіреді: «Әр бір мұсылман үшін садақа беру (керек). Олар сұрайды: «Егер (беретін садақа) болмаса ше?» Ол: «Қолдарымен жұмыс істеп, өзіне пайда келтірсін және садақа берсін» деді. Олар: «(Жұмыс) істей алмаса қалай?» деді. Ол: «Қиындық көріп жатқанның қажетіне жәрдемдессін» деді. Олар: «Егер оны істемесе қалай?» деді. Ол: «Онда жақсылыққа бұйырсын» деді. Олар: «Егер оны естемесе қалай?» деді. Ол: «Жамандықтан қайтарсын. Расында сол істегені оның берген садақасы болып табылады» деді» (ummet.kz).
  3. Салиқалы, жаны жайсаң адамдармен көп араласыңыз. Адамның ортасы оның иманына әсер етеді. Соны естен шығармаңыз.

Бүгінгі мақалада барынша пайдалы, өмірге енгізуге жеңіл болады деген кеңестермен бөлістік. Ары қарай бұл кеңестерді қолдансаңыз бұл жылғы Рамазан айын жаңа деңгейде өткізесіз.

Осы жылғы Рамазан айы баршамыздың иманымыз артатын, кемелдікке қадам бастайтын айлардан болғай! Әмин!

 

Оставить комментарий

Scroll To Top
http://srealt.comhttp://otellook.com